Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Пандемия кезінде вакцина егетін жануар табудың өзі қиын болды - Еркін Дәуітбаев

Пандемия кезінде вакцина егетін жануар табудың өзі қиын болды - Еркін Дәуітбаев

ҚР Білім және ғылым вице-министрі отандық вакцина ең алғаш қандай жануарға егілгенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстандық Qazcovid-in вакцинасы ең алғаш сириялық атжалмандар мен макакаларға егілген. Білім және ғылым министрінің орынбасары Еркін Дәуітбаев аталмыш процестің бәрі қалай ұйымдастырылғанын баяндап берді. «Корнавирус инфекциясына қарсы вакцина дайындау жөніндегі ғылыми-техникалық бағдарлама 3 жылға арналған. Былтыр мақұлданған болатын және қысқа мерзімнің ішінде коронавиирусқа қарсы 5 вакцинаның бірі ретінде былтыр дайын болды. Тиісті штамм алынғаннан кейін 1,5 айдың ішінде жасап шығардық», - дейді вице-министр. Ол аталмыш вакцинаны клиникаға дейінгі сынақтан өткізу кезінде жануар таппай біраз қиналғандарын еске алды. Өйткені ДДСҰ талабы бойынша вакцинаны кез келген жануарға сынауға болмайтын. «Вакцина алынған кезеңде клиникаға дейінгі сынақтарды инстиуттың өзінде жасауға дайын болдық. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сай бұл зерттеулер түрлі жануарларға жасалды. Соның ішінде бірінші сириялық атжалмандар, кейін макакалар болды. Пандемия кезінде біз әлем бойынша бұл жануарлардың жетпей жатқанын сезіндік. Үкіметтің қолдауымен іздеп, сатып алуға мәжбүр болдық. Бұл мәселеде Үкімет бізге белсенді көмектесті», - деді Еркін Дәуітбаев.



31 наурыз 2021 ж. 2 187 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031