Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың саны күрт артты
Қызылорда облысында соңғы аптада 66 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бүгінге дейін өңірде қатерлі індетке шалдыққан 4007 адам тіркелген. Олардың ішінде 3890 науқас дертінен жазылып шықты. Қазір өңір эпидахуал бойынша жасыл аймақта тұр. Дегенмен, соңғы аптада облыста оны жұқтыру дерегі көбейе түскен. Әсіресе, мейрам күндерінен кейін коронавирус инфекциясын жұқтырған тұрғындар саны артқан.

«Өткен тәуліктің өзінде 13 адамға осындай диагноз қойылды. Оның ішінде 7-і Қызылорда қаласында тұратын болса, аудандар бойынша Жаңақорғанда - 4, Жалағаш пен Аралда - бір-бір жағдайдан тіркелді. Олардың ішінде 7-і симптомсыз болса, қалғанында ауру белгілері байқалған», - деп мәлім етті Қызылорда облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы Айман Жанахаева.
Айта кетейік, Қызылордада оқушылар төртінші тоқсанда дәстүрлі форматта оқиды.