Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Күнәдан тазару: Мұсылман қауым Бараат түнін қарсы алуға дайындалуда

Күнәдан тазару: Мұсылман қауым Бараат түнін қарсы алуға дайындалуда

Ислам әлемі маңызды мереке болып саналатын Бараат түнін қарсы алуға дайындық үстінде, деп хабарлайды stan.kz.

Биыл аталған мереке 28 наурыздан 29 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл Лейлят аль-Кадр "Алдын ала анықтау түнінен" кейінгі екінші қасиетті түн болып есептеледі.
Мұсылмандық сенімге сәйкес, егер Лейлят аль-Кадрда адамның өмірі соңына дейін анықталатын болса, Бараат түнінде адамның өмір сүруі бір жылға анықталады. 
Діншілдердің пікірінше, бұл түні жапырағында барлық адам баласының есімі жазылған "өмір ағашы" сілкінеді. Жерге түскен жапырақта аты жазылған адамдар бір жыл көлемінде қайтыс болады делінеді. Және осы түні Алла өз күнәсін мойындап өкінгендерді кешіреді және адам өмірінің болашақта қалай болатынын шешеді. 
Сол сияқты жаман әрекет жасаған адамдар жұмақтан қуылса, жақсы амал жасағандар тозақтан құтылады. Бұл түні дінге сенбеушілер, көреалмаушылар, жала жабушылар, зина жасаушылар және өзімшілдерден басқасының күнәсі кешіріледі. Одан бөлек, алкоголь өнімдерін қолданатындар мен өз ағайын-туыстарымен қарым-қатынасты үзгендер де кешірілетіндер қатарына жатпайды. 
Бараат түні мұсылман қауым Алладан кешірім сұрап, дұға жасауы тиіс, сонда оның аты жазылған өмір ағашындағы жапырақ жерге түспейді. Және бұл түнгі оңашада Аллаға құлшылық жасап, Құран оқып өткізген абзал.
Сонымен қатар бұл түнгі құлшылық қайтыс болғандардың әруағына, өз басына кешірім сұрауға және болашағының жарқын болауына арналады. 
Одан бөлек, бұл мерекеде мешітке барып, көпшілік болып құлшылық жасау және имамның уағызын тыңдаған жөн.
Сол сияқты дүниеден озған жақындарының бейітіне барып құран бағышталып, мұқтаж жандарға ас беріледі. 
28 наурыз 2021 ж. 2 360 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930