Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол активтерін басқару жүйесі 2021 жылы жұмыс істей бастайды

Жол активтерін басқару жүйесі 2021 жылы жұмыс істей бастайды

Қазақстанда «Жол активтерін басқару жүйесін» енгізу жалғасуда, деп хабарлайды egemen.kz.
Жоба  жол саласын цифрландыру аясында Дүниежүзілік банктің қолдауымен  іске асырылып жатыр. Ол биыл ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткеннен кейін, өнеркәсіптік пайдалануға берілмек.
Жол активтерін басқару жүйесі – жіті жүргізілген аспапты зерттеудің деректерінің негізінде жөндеуге қажетті инвестиция көлемдерін болжайтын арнайы жетілдірілген ақпараттық жүйе.
Аталған жүйені енгізудің арқасында ақауларды ерте кезеңде жойып, күрделі шығындарды төмендетіп, жолдардың өмірлік циклының шығындарын қысқартуға мүмкіндік туады. Сондай-ақ, жол желісінің жағдайын баға берудің сандық индикаторларынан сапалы көрсеткіштерге өту арқылы «Нәтижеге бағытталған бюджет» концепциясын іске асыруға жағдай жасалады.
Бүгінгі таңда ЖАБЖ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келу бойынша сынақтан өткізілуде. Бұдан соң, өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған.
Айта кету керек, ЖАБЖ маңызды компоненттерінің бірі – көшпелі зертханалармен жол жағдайын аспаптық зерттеу. Биыл аспапты диагностикалауды республикалық маңызы бар жолдар желісінің 19 мың шақырымына жүргізу көзделген. Зерттеу құны 1,5 млрд.теңге. Болашақта диагностика бойынша жұмыстармен еліміздің жергілікті маңызы бар жолдарын қамту жоспарланып отыр.


19 наурыз 2021 ж. 2 350 0

Отаныңа қызмет ет!

09 мамыр 2025 ж. 128

Қимылдаған, қыр асады

08 мамыр 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031