Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Олжас Бектеновпен кездесті

Қызылорда облысының әкімі Олжас Бектеновпен кездесті

Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновпен кездесті.
 Жиында Олжас Бектенов агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің жаңа басшысын таныстырды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2021 жылдың 9 наурызындағы бұйрығына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысы лауазымына генерал-майор Қанат Қожахметов тағайындалды.
Өңір басшысы Гүлшара Әбдіқалықова жаңадан тағайындалған Қанат Қожахметовті қызметімен құттықтай отырып, алдағы уақытта Мемлекет басшысымен қойылған міндеттерді бірлесіп атқаруда жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді.
Қанат Қожахметов 1965 жылы Алматы қаласында туылған. Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғарғы мектебін және Ресей Федерациясы Президенті жанындағы мемлекеттік академиясын бітірген.
Еңбек жолын ішкі істер органдарында 1987 жылдан бастаған. 1987-2009 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы облыстарында және Алматы қаласының ішкі істер органдарында, 2009-2018 жылдары ішкі істер министрлігінде түрлі лауазымдық қызметтер атқарған.
2018 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне ауысқан.2020 жылдың ақпан айынан бастап осы кезге дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.



12 наурыз 2021 ж. 2 444 0

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 48

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031