Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еленген еңбек

Еленген еңбек

Қазақстанда осы жылдың 1 ақпанынан бастап коронавирусқа қарсы вакцинациялау қызу басталып кетті. Денсаулық сақтау министрлігінің есебінше, жыл соңына дейін 6 миллионға жуық азаматқа екпе салынады. Елде COVID-19-ға қарсы вакцинация басталғалы бері барлығымызды «оны қалай салады, ағзаға қандай әсері бар?» деген сұрақтар мазалай бастағаны шындық. Дегенмен дәрігерлер қазіргі екпе алғандардың жағдайы жақсы деумен әлек. Олардың дерегінше, ауыр түрдегі асқынулар тіркелмеген. Тек дене қызуының, қан қысымының көтерілуі, әлсіздік сияқты жанама әсерлердің бар екендігін жасырмайды.

Медицина саласы мамандарының айтуынша, бірінші тәуліктің соңына қарай тұмау тәріздес симптомдар, буындардың ауруы болуы мүмкін. Бірақ ол үш күн ішінде басылуы тиіс. Бұл жайлы «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының «Ашық алаң» бағдарламасында айтылды.
– Бұл екпе белгілі бір реакцияны туғызатын иммундық препарат. «Sputnik V» вакцинасы 2 компоненттен тұрады. Бірінші, екпенің құрамы екіншісінен мүлдем бөлек. Вакцинаны еккен кезде адам ағзасындағы антиденелер 12-14-ші күндері тізіле бастайды және күн сайын өсіп отырады. Ал екінші дозаны антиденелердің деңгейі төмендей бастаған кезде беріп, олардың күшеюіне көмектеседі. Сол себептен екеуін де уақытылы алған дұрыс, – дейді ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басқарма басшысы Нұршай Әзімбаева.
Егер вакцина салдырған адамда аллергиялық реакция, анафилактикалық шок байқалса, екінші дозаны салуға болмайды. Сондықтан дәрігер екпе салардың алдында мұның барлығын тексеріп алуы тиіс. Тіпті симптомсыз коронавируспен ауырып жүрген, ауырған адамдарға вакцина салынатын болса, оның еш қауіп-қатері мен кері әсері болмайды дегенді алға тартады мамандар.
Халық дайын болуы қажеттігінен жаппай вакцинациялау сәуір айына жоспарланып отыр. Сонымен қатар екпе салатын орын мен мамандар толық жабдықталмаса да ­болмайды.
Наурыз айында коронавирустық ­ахуал былтырғыдан жақсы болды деген үмітін жеткізген Қазалы аудандық медициналық жедел жәрдем стансасының құрылымдық бөлімшесінің басшысы Данияр Баекеев. Қазалыға келген вакцинаны бірінші болып қабылдайтынын жеткізді.
Оның айтуынша, вирус мәңгілік емес. Адамдар арасында таралуы көбейген сайын күші де азаюы қажет. Себебі ауырған адамдарда антиденелер қалыптасады.
– Облыста барлығы вакцина салдырып жатыр. Әрине әсер етеді. Бірақ ешкімді де мәжбүрлемей, өз еркіне қояды. Дегенмен санитарлық талаптарды сақтау керек. Қазір де әлі күнге дейін карантин талаптарын орындамайтындар жетерлік. Індеттің таралуын барынша төмендету үшін қызметкерлерім уақытылы ПТР-тестерін тапсырады. Әр науқасқа барарда киімдерін ауыстырады. Мұның барлығы мұқият бақылауда, – дейді ол.
Ақхалаттылардың мәлімдеуінше, екпе салардың алдында азаматтардың денсаулығы толықтай тексеріледі. Вакцина салынғаннан кейін бірден үйге жіберілмейді. Қолына бейдж беріліп, 30 минут күту бөлмесінде отыруы тиіс. Бұл қандай да бір кері әсердің болмауын қадағалау мақсатында жасалады. Сонымен қатар үш күн бойы емхана дәрігерлерінің бақылауында болады.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


16 ақпан 2021 ж. 2 523 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930