Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3-сынып оқушыларына арналған тапсырма қазақстандықтардың ашуын туғызды

3-сынып оқушыларына арналған тапсырма қазақстандықтардың ашуын туғызды

Әлеуметтік желіде Online mektep платформасында 3-сынып оқушылары үшін дайындалған тапсырмаға қатысты шу шықты.
Facebook-тегі ТАЛДЫКОРГАНЕЦ тобының қолданушысы тапсырманың платформадағы скриншотын түсіріп, пікір қалдырды.
Бұл 3-сынып баласы орындайтын онлайн мектептегі тапсырма. Мынаған қараңыздар, Білім министрлігі қайда қарап отыр? Қандай бассыздық?, – делінген жазбада.
Осы жазбаға қатысты «Онлайн мектеп» жобасының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы өз пікірін білдірді.
Бұл тапсырманың түпнұсқасы қазақ тілінде берілген. Қазақ тіліндегі тапсырмада қате жоқ. Кейбір пайдаланушы авто-аудармашы арқылы аударып, хайп жасап, оның скриншоттарын түрлі чаттарға таратып жатыр. «Online Mektep» платформасында қателер жоқ. Платформаны жасаушылар браузерге енгізілген авто-аудармашыларды пайдаланбау керектігін айтады. Олар дұрыс аудармайды. Қазақ тіліндегі мәтіннің үзіндісі скриншотта көрсетілген. Тапсырма дұрыс жасалған. Бұл әлеуметтік желілерде қалжыңдасатын немесе «лайк» жинау үшін контент жасайтын жағдай емес, - деп жауап берді ол.
Платформаны құрастырушылар авто-аудармашыны қолданбауға шақырды.
baq.kz


08 ақпан 2021 ж. 2 824 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031