Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбіт елдің бесігін тербеткен

Бейбіт елдің бесігін тербеткен

Ертеде зекет жинап жүрген молда шалғайдағы бір қазақ ауылына келіпті.
Жұрт молда түскен үйге жиналып, оны қоршап алып уағыз тыңдапты.
– Дүниедегі ең ауыр күнәнің бірі – әйел тілін алу, – деп бастайды молда уағызды. – О дүниеге барғанда, мақшар күні болғанда, жұрт ысырат көпірінен өткенен кейін Алла Тағала күнәдан пәк болған құлдарына өзінің жүзін көрсетеді. Сонда тіршілікте әйелдің тілін алған еркектер жаратушының жүзін көре алмай қалады.
Мұны естіген үй иесі абыржып, қипақтап қинала бастаған тәрізденеді...
– Апыр-ай, қиын екен ғой өзі, қап, енді қайтейін? – дей береді.
– О, не қарағым, неге сонша күйгелектендің? – деп сұрайды.
– Қиын болып тұр, молдеке, – дейді жігіт. – Мен сізге бір қой берейік десем, әйелім: «Молдекеңнен ұят болады, тай берейік», – деп қоймайды. Келініңіздің айтқанын орындайын десем, ауыр күнәға батқалы тұрмын ғой, молдеке, енді қайттім?
Сонда молда жұлып алғандай:
– Е, қарағым, кей-кейде әйелдің тілін алған да сөкет емес. Заты әйел демесең, о да Алланың пендесі емес пе?! – деген екен.
Алланың ерекше жаратқан сол пендесі әр үйде бар әрі адам баласының іңкәр пейілін бейбітшілікке бейнелеп, бейбіт елдің бесігін тербеп отыр.
Бұл езуіңізге күлкі әкеліп, көңіліңізге көктем сыйлайтын әзіл, өйткені әйелдің ақылына жүгініп, тілін алмайтын ер-азамат кемде-кем. Қарап отырсам, әйел заты ешқашан демалуды білмейді екен.
Аптаның бес күнінде істейтін қызметі бар әйелдің үйге келген соң да тыным таппайтыны, сенбі-жексенбіде үйінің тірлігінен бір сәтке де босамайтыны, сөйте тұра жұбайы мен балаларына мейірімін арнап, екі жақтың да туған-туысқандарына көңілін бөліп, жылы-жұмсағын алдына тосып өбектеп жүретіні, соның бәріне ерекше төзіммен шыдайтыны таңғалтумен келеді.
Қазақ әйелінің қасиеті сонысында болса керек. «Жалпы, қазақ әйелін мақтамайды. Мақтағанды мазақ қылады. Дегенмен әділін айтар болсам, менің әдебиеттегі жеңісті еңбегім осы 40-50 жыл отасқан әйеліме байланысты. Ол маған жағдай жасаумен қартайды. Менің қолымнан ештеңе келмейді.
Ең бастысы, байлығым жетпейді, жетсе, кіп-кішкентай ғып алтыннан бюстін құйдырып, үйімнің тақ-төріне қойып қояр едім» деген Қадыр ағамыздан асырып не айтуға болады?

Қайрат НҰРЛЫҚАСЫМҰЛЫ
06 ақпан 2021 ж. 2 704 0

Жұмылған жұмыс жемісін береді

28 желтоқсан 2024 ж. 107

Форум: Прогресс һәм жастар

28 желтоқсан 2024 ж. 109

Байқаңыздар, балақай!

28 желтоқсан 2024 ж. 113

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031