Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер әйелдің қолының терісінен жаңа тіл жасап берді

Дәрігерлер әйелдің қолының терісінен жаңа тіл жасап берді

Ұлыбританияда дәрігерлер әйелдің қолының тіндері арқылы тілін қалпына келтірді.

Соңғы сегіз жылдың көлемінде Ребекка Петтерсонның тілінде жара, ал ауыз қуысында ақ дақ болған. Дәрігерлер оған ауыз кандидозы диагнозын қойған. Алайда уақыт өте келе әйелдің тілі қатты ауыра бастағаны сонша, ол ұйқы мен тамақтанудан қалған.

2018 жылдың сәуір айында Паттерсонға биопсия жасалған. Талдау нәтижесі оның қатерлі дертке шалдыққанын көрсетіпті. Әйел бұл жаңалықты ауыр қабылдағанын айтады. Себебі соның алдында ғана сүйіктісі ұсыныс жасаған. Өмір бойы сөйлей алмай қаламын ба деп қорықтым, дейді ол.

Алайда дәрігерлер мәселенің шешімін тауып, Паттерсонды 11 сағаттық отаға жібереді. Ота барысында пациенттің тілінің ісікпен зақымдалған оң жақ бөлігі алынып тасталды. Дәрігерлер оны әйелдің сол қолының терісі мен тамырының бір бөлігімен алмастырып берді. Сонымен қатар «жаңа тіл» аузына сыю үшін, Ребекканың мойнының оң жағындағы лимфалық түйіндер алынып, екі тісі жұлынған.

Паттерсон отадан кейін екі апта бойы сөйлей алмаған. Сонымен қатар мойны мен қолын қимылдатуға қиынға түсіпті. Ол ауруханадан шыққаннан кейін тамақ жеп, жұтуды қайта үйренуіне тура келген.

Арада бес ай өткеннен кейін әйел мектептегі жұмысына қайтып оралды. Ол мүгедек оқушыларды қолдаумен айналысады.
24 қыркүйек 2019 ж. 937 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930