Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алик Шпекбаев жақын арада жемқорлықты түбегейлі жоюдың жолын айтты

Алик Шпекбаев жақын арада жемқорлықты түбегейлі жоюдың жолын айтты

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев әріптестерімен болған жиында сауда-саттық саласындағы жемқорлықпен жеңудің жолын атады. 

"Тәжірибе көрсеткендей, сатып алу саласы көлеңкелі экономиканы жандандыратын және жемқорлық тудыратын саланың бірі. Сондықтан Ұлттық палатамен ("Атамекен" ҰКП) бірлескен жұмыстың тағы бір бағыты - бюджетті қалыптастыру кезінде де, оны игеру кезінде де баға комплаенсін енгізу. Жасыратыны жоқ, көбінесе бюджетке салынатын бағалар жемқорлық мүдделері үшін әдейі қымбаттатылады. Осыған орай біз нақты бағалар мен іске асырылған шарттар негізінде қандай да бір сатып алудың бюджетін қалыптастыруды ұсынамыз. Бұл сатып алынатын тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің бюджетін "ұлғайтуға" мүмкіндік бермейді. Осылайша, үлестес компаниялардың баға ұсыныстары негізінде бюджеттік жоспарлау артта қалады.  Цифрлық теңгені тез арада енгізу – сатып алудағы жемқорлық проблемасының іргелі шешімі, бұл бюджет қаражатын игерудің бүкіл процесін қадағалауға мүмкіндік береді, "қолма-қол ақша" схемаларын және жалған кәсіпорындар құруды тоқтатады", - деді Алик Шпекбаев.

31 қаңтар 2021 ж. 2 666 0

10 наурызға валюта бағамы

10 наурыз 2026 ж. 41

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031