Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көсегеміз көгерсін

Көсегеміз көгерсін

Қызыл алаң, Қызыл ту, Қызыл жұлдыз, Қызыл әскер, қызыл галстук – бәрі, бәрі қанның түсі, қан таттырып тұрған саясаттың әсері емес пе?!
Кеңес үкіметі дәуірлеп тұрған шақта Шығыс Европадан Жапон теңізіне дейінгі жерлер, Үнді-Қытай, Орталық Азия, Араб, Парсы елдері, Куба, Латын Америка мемлекеттерінің біршамасы алқызылға боялған-ды. Осы түстің бояушылары кім? Бұлар бүкіл дүниежүзі пролетарларының дем берушілері – Марксизм, Ленинизм ілімінің теоретиктері мен сол ілімді жүзеге асырған қызыл большевиктердің баскесерлері еді. Басқаша ойлаған адамдарды қанға тұншықтырып, бейбіт елдерді қан сасытқан. «Линия партии» деп қызылмен сызып қойған да, «За красную линию нельзя!» деп сол сызықтан не олай, не бұлай ауытқуға мүмкіндік бермеген. Бұзылған светофор тәрізді, өмірі қызыл жанғанда тұрған. Әрі өте алмайсың!
Тіптен күнтізбедегі мейрам күндерінің өзін де қан қызыл бояумен түстеген. Бұл біздің «Қызыл күніміз» деп қуанатынбыз. Олардың қараң күндер екенін ойламаппыз да. Бөтен, көңіл жібітерлік реңнің болуы мүмкін екендігін ойға да алмаппыз, мәз боп жүре беріппіз. Әлі де білмейді, ойланбайды екенбіз. Оны өзіміздің төл конституциямызды қабылдаған күні сездім. Сол қызыл бағдардың екпінінен шыға алмағандаймыз.
Біздің де көгеретін күніміз бола ма? Қызыл туды құлатып, аспан көк түсті туымызды көтерген жоқ па едік?! Неге мейрам күндерімізді де күнтізбеге көгілдір түспен жазбасқа?
Көгілдір көктем, көгілдір ту, көгілдір аспан, аққудың көгілдірі, көкше теңіз, көкше тау – қандай көркем?! Жүрекке жылу ұялатар, жаныңды жадыратар, көңілді көтерер, көсегені көгертер нәзік көктемнің махаббаттын, ақынның шабытын оятар жарқын болашақтың бояуы емес пе?!
Тоқетері: күнтізбедегі мейрам күндерін көк түспен әрлеу керек-ақ. Сіздер қалай ойлайсыздар?

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
09 қаңтар 2021 ж. 3 317 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 137

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 150

Жаңа нысан – жақсы нышан

13 желтоқсан 2025 ж. 142

Ауылға ауызсу жетті

13 желтоқсан 2025 ж. 133

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031