Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордаға Израиль мен Польшадан гуманитарлық көмек келді

Қызылордаға Израиль мен Польшадан гуманитарлық көмек келді

2020 жылғы 8 желтоқсан күні Қызылорда облысына Израиль және Польша мемлекеттерінен 75 дана пульсоксиметр құрылғысы, 650 дана Tarsime, Azimycin дәрілік препараттары және 20 дана дезинфекциялық құралдар гуманитарлық көмек ретінде келді.

Сонымен қатар өңірімізге қараша айында Қытай, Германия, Сингапур мемлекеттерінен және Шеврон Мұнайгаз Инк-2 ЖШС-нен медициналық құрылғылар мен препараттар гуманитарлық көмек облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына орналастырылған болатын.
Атап айтқанда:
-1500 дана обаға қарсы костюмдер;
-29 300 дана медециналық маска;
-580 дана медициналық қорғаныс костюмі;
-4 дана ӨЖЖ аппараты;
-1 дана ауа ылғалдандырғыш құралы;
-290 дана омепразол дәрілік препараты;
-20 оттегі концентраторлары;
-2100 дана парацетамол;
-2100 дана ибупрофен.
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлері, «Ақмешіт – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің мүшелері және қоғам белсенділері келіп түскен гуманитарлық көмектің облыстық арнайы дәрі-дәрмек қоймасына қабылдау барысына қоғамдық бақылау жүргізіп келеді.
Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар өз жалғасын табатын болады.
09 желтоқсан 2020 ж. 1 596 0

Балгер бағыңды аша ма?

23 тамыз 2025 ж. 149

Балалықтың тәтті бояуы

23 тамыз 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031