Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Азаматтарға жаппай вакцина егіледі

Азаматтарға жаппай вакцина егіледі

Бүгінде covid-19 екінші толқыны әлемді қайта шарпуда. Елдің барлық өңірінде коронавирус жұқтырғандар көбеюде. Ел бойынша ауырып қалғандардың жартысы Шығыс Қазақстан облысында тіркелген.

Науқастанғандар қатары Қостанай мен Батыс Қазақстан облысы және Павлодар аймағында да өскен. Індеттің алдын алу үшін қазақстандық ғалымдар барын салып, вакцина жасауды қолға алған болатын. Дегенмен Денсаулық сақтау министрлігі "Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының" бас директоры Арнұр Нұртаев осы жылдың сәуір айында Қазақстанда вакцинаны әзірлеуге үш жылдай уақыт керек болады деген болатын.
Арнұр Нұртаев дүние жүзі бойынша 7 вакцина дайындалып жатқанын айтты. "4 қытайлық өндірушілер, 3 еуропалық және америкалық өндірушілер. Олар өздерінің вакцинасын жасап, қазір ол клиникалық сынама деңгейінде. Меніңше, ол вакциналар жарты жыл мен бір жарым жыл аралығында ашылады", – деді Нұртаев.
Айтқандай, Ұлыбритания ауруханаларына коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді. Тұманды Альбион әлемде бірінші болып «Пфайзер» мен «Байонтек» компаниясының вакцинасын алғандығын алғашқылардың бірі болып Хабар24 жариялады.
Вируске қарсы адамдарды егу ертең басталмақ. Алдымен жасы 80-нен асқан қарттар, медицина қызметкерлері және қарттар үйінде тұрып жатқан адамдар егілмек. Жалпы Лондон алғашқы кезеңде 40 миллион доза вакцинаға тапсырыс берген. Ол 20 миллион адамға есептеліп отыр. Себебі әр тұрғын 2 рет егілуі тиіс.
Ұлыбританияда індет таралғалы 1 миллион 700 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, 61 мыңнан аса науқас қайтыс болған.
Фармацевт Луиза Кофланның мәлімдеуінше, вакциналар тоңазықыштарда минус 73 градус температурада сақталып, қажет болған жағдайда ғана алынады. Қазір ауруханаларда вакцинациялау бағдарламасы алдындағы соңғы тексерістер жүріп жатқан көрінеді.
Әлемнің өзге елдері де коронавирусқа қарсы жаппай егу басталатынын жариялауда. Мәселен, Түркияда шара алдағы жұма күні қолға алынатын болса, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында екпе егу келесі аптада жүргізіледі. Егер америкалықтар өз компанияларының вакцинасын қолданса, Түркияда халықты Қытай екпесімен егу қарастырылған. Ал көрші Ресей астанасында халықты «Спутник V» вакцинасымен егу басталып кетті. Осы аптада шара елдің өзге аймақтарында қолға алынады.
Ал Қазақстанда 2021 жылдан бастап тұрғындарға ерікті түрде жаппай вакцина егу жоспарланып отыр. Бұл жайында Ақорда хабарлады. Алғашқы кезеңде дәрігерлер, педагогтар, күштік құрылымдар қызметкерлері қамтылады деп жоспарлануда.
Премьер-министр Асқар Мамин президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа коронавирус індетіне қарсы отандық вакцинаның әзірлену барысын баяндады.
Айтуынша, 29 қарашада клиникалық сынақтардың 1 және 2 кезеңі аяқталды. Оның кері әсері анықталған жоқ және жоғары тиімділігі тіркелгенін мәлімдеді.
25 желтоқсаннан бастап клиникалық сынақтардың 3-ші кезеңінде аталған вакцина 3 мың еріктіге егіледі. Сынақтар толығымен 2021 жылы наурыздың соңына қарай аяқталмақ. Осы жылдың соңына дейін 2 миллион көлемдегі отандық вакцинаның алғашқы партиясы шығарылады деп күтілуде.
Ресми ақпаратқа сенсек, Мемлекет басшысының Ресей президенті Владимир Путинмен жасаған келісіміне сәйкес 2020 жылдың 22 желтоқсанынан бастап Қазақстанда ресейлік "Спутник V" вакцинасын өндіру қолға алынады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
08 желтоқсан 2020 ж. 1 387 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 11

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930