Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы бес жылда архив саласына 900-ден астам маман керек болады

Алдағы бес жылда архив саласына 900-ден астам маман керек болады

Үкімет басшысы Асқар Мамин архив саласы үшін мамандарды даярлау жайында айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Архив саласында маман даярлау мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында жүргізіледі. Бұл тапсырыс кадрларға қысқа мерзімдегі әрі орта мерзімдегі уақытта қажеттілік бойынша жасалады. Есептеуге қарағанда, алдағы бес жылда салаға жоғары білімі бар 945 маман керек болады», - деп жазды А. Мамин сенаторлардың депутаттық сауалына жауап бере отырып. Осы орайда ол аталған мақсатты жүзеге асыру үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.
«Осы қажетттілікті қамтамасыз ету мақсатында Білім және ғылым министрлігі 2020 жылы архив мамандығына бакалавриат және магистратура бағдарламасы бойынша 55 грант (бакалавриат – 35, магистратура −20) қарастырды. Қалғаны өзара байланысты мамандықтардың түлектерін тарту есебінен толықтырылады. Бірінші кезекте филологтар қамтылады», - деді Премьер-Министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Архив қызметкерлері еңбекақысын көтеруге 2,8 млрд теңге қаралған.

30 қараша 2020 ж. 1 033 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 132

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031