Отандық көлік сатып алатындарға жаңа несие берілмек
ҚР Ұлттық банкінің сайтында отандық жеңіл автокөлік өндірісінің өнімін сатып алушыларды несиелеу бағдарламасын жариялады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Құжатта көрсетілгендей, елімізде 3,8 млн көлік бар. Соңғы 10 жылда жеңіл автокөліктер паркі 49%-ға артқан. 1 мың адамға 211 автокөліктен келеді. Алайда, автокөліктер қатары ескіріп барады. Екінші деңгейлі банктердің жеке тұлғаларға автонесие беру портфелі 20,3 пайыз болды. 356 млрд теңге несие берілді. Автокредиттердің жалпы үлесі 10,7%-ға артты. 2018 жылы екінші деңгейлі банктер 222,1 млрд теңгеның 92,5 мың автонесиесін берген.
«Қазақстанның автомобиль өндірісі кешені 2015-2016 жылдардағы өндірістің азаюынан енді қалпына келіп жатыр. Нарық әлі толық қамтылмаған. Отандық өндірістің дамуына көп мүмкіндік бар», - делінген құжатта.
Енді болашақта отандық көлік аламын дегендерге Ұлттық банк мынадай жеңілдік береді. Берілетін ең жоғары несие көлемі 15 млн теңгеден аспауы керек. Несие жылдық пайыздық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға дейін беріледі.
«Бұл бағдарламаның жүзеге асуы агроөндіріс кешенімен байланысты басқа да салалардың дамуына себепші болары анық. Жаңа жұмыс орындарының ашылуына, инвестициялық климатты жақсартуға септігін тигізеді», - дейді мамандар.