Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жетті

Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жетті

Құс тұмауы Ақмола облысына келіп жеттіАқмола облысында құс тұмауының тіркелуіне байланысты үй құстарына жаппай екпе жүргізілуде. Алдын алу шараларын жүргізу мақсатында 173 мыңнан астам құсқа екпе салынды. Облыстық ветеринарлық қызмет басқармасының мәліметінше, облыстың су қоймалары мен өзен-көлдерін жағалай орналасқан елдімекендерде 24 қыркүйектен бастап құс тұмауына байланысты жаппай екпе егу басталған, деп жазады Аzattyq-ruhy.
Өңірдегі «Капитал Прожект», «Астана Құс», «Бурабай Агро Инвест», «Ижевское» сияқты ірі құс шаруашылықтары өз қаражаты есебінен 1462,0 мың бас құсқа екпе салған.
Облыстық ветеринария басқармасының басшысы Базарбай Бұлашев жақын күндері тағы екі құс фабрикасында екпе егу жұмыстары жүргізілетінін айтты.
«Құс тұмауының одан ары өршіп кетуіне жол бермеу мақсатында ауылды елдімекендерде тұрғындармен, сондай-ақ құс шаруашылықтарының басшыларымен құстарды жабайы құстармен жақындатпай, қамап ұстау қажеттігі жайлы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ветеринар қызметкерлер күн сайын құс өсіретін кәсіпорындар мен құс өсіретін тұрғындардың қора-жайларына барып клиникалық бақылау жүргізуде. Сондай-ақ су қоймаларында, құстар ұя салатын жерлерде тұрақты мониторинг жасалуда», - дейді басқарма басшысы.
Облыстық ветеринарлық басқарманың соңғы мәліметтері бойынша 11 елдімекеннен алынған зертханалық зерттеу материалдары бойынша облыстың 9 ауданында үй құстарынан құс тұмауы  анықталды.
30 қыркүйек 2020 ж. 1 069 0

Жас өрендер жетістігі

17 наурыз 2026 ж. 60

Амал – айтулы мереке

17 наурыз 2026 ж. 47

Тәттіден қауіп келмесін

17 наурыз 2026 ж. 61

Өнегелі өмір иесі

17 наурыз 2026 ж. 59

Наурыз келді, құт келді

17 наурыз 2026 ж. 62

Маңызды ақпарат

16 наурыз 2026 ж. 119

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031