Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы аялдама оқиғасы: Кінәліге шыққан сот үкімі әділ ме?

Қызылордадағы аялдама оқиғасы: Кінәліге шыққан сот үкімі әділ ме?

Өткен жылы қараша айында Қызылорда қаласында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы төрт адамның өмірі қыршыннан қиылды.
Ата-аналар бауыр еті баласынан, әйелі күйеуінен мезгілсіз айырылып, ауыр қайғыға түсті.
Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, облыс жұртшылығын дүр сілкіндірді.
Жап-жас, дені сау балаларынан мезгілсіз айрылған ата-аналардың сол сәтте кешкен ішкі жан азабы ешкімді де бей-жәй қалдырмайтыны анық.
Ал, енді осы орын алған жантүршігерлік оқиғаға тоқталып өтейік:
Қызылорда қаласының жиырма жастағы тұрғыны Н.Байсеркеев 2019 жылдың 21 қарашасында сағат таңғы 09:00-дар шамасында өзінің басқаруындағы «Тойота Камри 30» маркалы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Нұр-Сұлтан даңғылының бойымен шығыстан батысқа қарай басқарып, жол жүрісі қағидаларын бұзып, алдында бір бағытта жүріп келе жатқан «Мерседес бенц S-140» маркалы автокөлігінің оң жағына абайсызда соғып, Нұр-Сұлтан даңғылының бойында орналасқан қоғамдық автокөлік аялдамасында тұрған жаяу жүргіншілерді қағып өтеді. Осы жол-көлік оқиғасы салдарынан 7 жастағы Кәусар, 9 жастағы Нұрислам (екеуі бір үйдің балалары), 9 жастағы Нұрдәулет, 55 жастағы Мейрамбек қайтыс болып, ал 31 жастағы Динара ауыр дене жарақатын алды.
Бұл қылмыстық әрекеті үшін Н.Байсеркеев Қызылорда қаласының №2 сотының 22 маусым 2020 жылғы үкімімен Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жылға айыра отырып, 9 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеуге сотталды.
Сот үкімімен Н.Байсеркеев көлік құралын басқарып, жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, абайсызда төрт адамның өліміне әкеп соққан және бір адамның денсаулығына ауыр зиян келтірген іс-әрекеті үшін кінәлі деп танылды.
Сотта сотталғанның қылмыстық әрекеттері басты сот талқылауында жан-жақты толық және объективті зерделенген дәлелдемелермен толық бекітілген.
Осы жерде «сотпен неге 9 жылдан да ұзақ мерзімге жаза тағайындалмады» -деген сауал туындауы мүмкін.
Дегенмен, Қылмыстық Кодекстің 345-бабы 4-бөлігімен Н.Байсеркеевке тағылған айыбы, осы кодекстің 11-бабы 3-бөлігінің талабына сәйкес «ауырлығы орташа қылмыстар» санатына жатады және оның санкциясында 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге ғана бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Яғни, сотпен жаза тағайындау барысында оның алғаш рет ауырлығы орташа қылмыс жасағаны, тағылған баптың санкциясында жаза ретінде баламалы жаза көзделмегені және оған қатысты ҚК-тің 63-бабын қолдануға негіздің жоқтығы, абайсызда жасаған қылмыстық әрекетінен 4 адамның қайтыс болғаны және 1 адамның ауыр дене жарақатын алғаны ескеріліп, сотталушыға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға, ҚК-тің 50-бабы талабына сай, көлік құралын жүргізу құқығынан 7 жыл мерзімге айыру қажет деген негізді тұжырым жасалған.
Бірінші саты сотының бұл үкімімен сотталғанның қорғаушысы келіспей, оның ұсынған шағымы 18 тамыз 2020 жылы Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасында қаралып, апелляциялық шағым қанағаттандырусыз қалдырылды.
Бүгінгі күні бұл сот үкімі заңды күшіне енді.
Сондықтанда, осы орын алған жол-көлік оқиғасынан әрқайсымыз өзімізге тиісті сабақ алып, жолда жүргенде не темір тұлпарды тізгіндегенде сақтықты, жауапкершілікті барынша күшейтіп, өзгенің және өзіміздің өмірімізге аса қырағылықпен қарауымыз қажет.
Сая Темірбекқызы,
Қызылорда облысы прокурорының аға көмекшісі
kyzylorda-news.kz
02 қыркүйек 2020 ж. 386 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930