Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

Қазақстанда вирусты жойып жіберетін маска шығарыла бастады

Қазақстандық Qamqor Tech компаниясы израильдік Sonovia компаниясымен бірлесіп, Нұр-Сұлтан қаласында "SONOMASK" атты вирусқа және бактерияларға қарсы көп реттік маскалар өндірісін іске қосты. Израиль технологиясымен жасалатын ерекше бетперде вирус пен бактериядан қорғап ғана қоймай, оларды жойып жібереді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Маскалар бірегей патенттелген ультрадыбыстық технология бойынша Назарбаев Университеті жанындағы технопаркте шығарылады. Шығарылған маскалар 99,99% бактерияларды және 98,89% вирустарды жоюға кепілдік береді. Айта кету керек, бұл әлемнің әртүрлі ірі ғылыми-зерттеу орталықтарының зертханалық зерттеулерімен расталған.
Сонымен қатар, маскалар халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
Өндірушілердің айтуынша, масканың қызмет ету мерзімі 1 жыл және 100 жуу циклінен кейін де өзінің қасиеттерін жоғалтпайды. Пандемия кезінде "Qamqor Tech" компаниясы озық және бірегей технологияны қолдана отырып, жүздеген адамдардың өмірін құтқару үшін COVID-19 күресіне қатысуға шешім қабылдады.
Бүгінгі таңда израильдік "Sonovia" компаниясының өнімдері Еуропа мен АҚШ нарықтарын қамтиды, өз кезегінде "Sonomask" вирусқа қарсы маскалары ТМД және Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтарында қазақстандық "Qamqor Tech" компаниясының брендімен ұсынылатын болады.
"Бүгінгі таңда инвестиция сомасы 140 миллион теңгеден асады және алдағы уақытта өндірісті жаңғырту, сондай - ақ өндірілетін өнімнің атауын кеңейту аясында көптеген жұмыстар атқарылады", - деп хабарлады компаниядан.
Сондай-ақ, гуманитарлық көмек аясында израильдік "Sonovia" Ltd компаниясы COVID-19-мен күресте алғы шепте жүрген дәрігерлерге қорғаныс маскаларын тапсырды. Сонымен бірге, вирусқа қарсы маскалар Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталыққа және Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың қатысуымен 1-ші қалалық ауруханаға берілді.
11 тамыз 2020 ж. 521 0

Тағдыр тудырған туынды

11 мамыр 2025 ж. 25

Тілегіміз – бейбіт күн

10 мамыр 2025 ж. 60

Ардагерлер ардақталды

10 мамыр 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031