Синоптиктер тамыз айының ауа райы болжамын жариялады

Тамызда ауа массалары жиі өзгереді. Ауа райы ыстық және құрғақ болып, салқын және жаңбырлы күндермен алмасады. Жарияланған болжамдарға сәйкес, Қазақстанда 2020 жылғы тамыздағы температура «қалыпты шектерде» болады.
Бұл дегеніміз солтүстікте +17 - +22 градус, оңтүстігінде +27 - +29 градус, батыста және шығыста +23 - +27 градус. Республика бойынша ауа райы құбылмалы болады - аптап ыстық болады, жаңбыр жауады.
СҚО, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, БҚО, Ақтөбе облыстарында, сондай-ақ Алматы облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында жауын-шашын нормадан жоғары деп болжанды. Нұр-Сұлтанда тамыздағы орташа температура +19 градус болады. Алматыда орташа температура +23 градус шамасында болады деп күтілуде.
«Қазгидрометтің» болжамдары бойынша қыркүйек айында Қазақстанда күн жылы болады - жауын-шашын әдеттегіден аз болады деп күтілуде.
Айта кетейік, бүгін Қазгидромет келесі демалыс күндеріне арналған болжамды жариялады - 25 және 26 шілдеде, көптеген аймақтарда жаңбыр жауады. Қазақстан облыстарының бірінде +43 градусқа дейін күн ыситыны хабарланды.