Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үрейленбей, сенімді күшейтейік

Үрейленбей, сенімді күшейтейік

Күні кеше қазіргі ахуалға қатысты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телевизиялық үндеу жолдады. Шыныменде қазір әлемдегі пандемияға байланысты қалыптасқан жағдай күрделенгені алаңдатып отыр. Коронавирустың таралуы бәсеңдер емес. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып бара жатқанын күнде көріп, хабардар болудамыз.
Бүгінде біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ. Мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілді. Бұл аса қажетті шешім болды. Жағдайдың тұрақталатыны сөзсіз. Оның алғашқы белгілері де байқалады. Сондықтан алдағы екі апта біздің болашақ қадамдарымыз үшін шешуші кезең болмақ. Барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Індетпен күрестің нәтижелі болуы, барша жұрттың саналы әрекеті мен жауапкершілігіне байланысты деген Тоқаевтың үндеуі орынды айтылды.
Халықтың денсаулығы – басты байлық. Бейбіт заманда ел-жұрт қынадай қырылып, қайғыдан қан жұтып жатқандар аз емес. Дегенмен бұл індетті ауыздықтауда медицина саласының қызметкерлері тынымсыз тер төгуде. Әрбір аурухана төсегіне таңылған науқасқа қолдан келген жәрдем берілуде. Бұл орайда ақ халаттылар үшін оңайға түсіп тұрған жоқ. Сонда да болса олар төзімділікпен қиналған азаматтарға қолдау көрсетіп, ем-дом жүргізуде. Сондықтан халықты үрейленбей сақтық шараларын сақтап, сенімді күшейтіп денсаулығымызды күткен абзал.
Серік ҚАЗЫБАЕВ
Қазалы аудандық құрылымдық
жедел жәрдем станциясының бөлім меңгерушісі
12 шілде 2020 ж. 472 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031