Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

Мамандар чекті неге тастауға болмайтынын түсіндірді

Мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары чекті тастауға немесе басқа адамға неге беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Департамент қызметкерлері бейтаныс адамдар сатып алушылардан "қажетсіз чектерді" сұрауы мүмкін екенін жеткізді. Олар дүкендегі акцияға қатысу үшін чек керегін айтады. Мамандар мұның бәрі ақылға қонымды болып көрінгенімен тұрғындарға сақ болуға кеңес береді. Себебі алаяқтар чекті өз мақсаты үшін пайдалануы мүмкін.
"Мысалы, олар чекті алып қайтадан дүкенге келуі ықтимал. Олар қандай да бір заттың белгісін немесе магниттік қыстырғышын жұлып алып, дүкеннен шығуы мүмкін. Ал күзетші чекті сұраса, сіз берген чекті көрсетеді. Екінші әдіс бар. Яғни ол дүкеннен затты алып шығады. Кейін тауарды чек арқылы қайтарып, ақша алуды көздейді. Себебі, тұтынушының белгілі бір мерзім аралығында тауарды қайтаруға құқы бар", - делінген хабарламада.
"Заңсыз әрекеттер сіздің жеке деректеріңізді пайдалана отырып жасалуы мүмкін. Яғни сіздің пластикалық картаңыздың көмегімен банк операциясын жүзеге асырған кезде. Алаяқтар чектегі мәліметтер арқылы сіз туралы қосымша мәлімет алуы ықтимал. Осы арқылы хакерлер сіздің банк есепшотыңызға шабуыл жасауы мүмкін. Чек - сіздің ресми төлем құжатыңыз екенін естен шығармаңыз. Ол басқа адамның қолына түспеуі керек. Мұны есте сақтаңыз. Оны дүкеннің жанындағы қоқысқа тастауға болмайды", - дейді департамент мамандары.
25 мамыр 2020 ж. 575 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930