Шаштараздар қызметі жанданғалы қанша табыс тапты?
Алматы және Шымкент қалаларындағы шаштараз басшыларының табысы миллион теңге болды.
Биыл 4 мамырынан бастап елімізде шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметі (алдын-ала жазылу бойынша шаш қию) қайта жанданған болатын. Қызметті қалпына келтірілгеннен кейінгі тек екі күннің нәтижелері бойынша елдегі шаштараз қызметі саласындағы айналым 52,3 миллион теңге болып, 15 мыңнан аса чек берілді. Бір чектегі орташа табыс - 3,5 мың теңге.
Ең көп кіріс Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері көрсетті - 2 күндегі 1,7 миллион теңге.
Екінші орында - табысы 1,4 миллион теңге Алматы қаласының кәсіпкері, ал үшінші орында - Шымкент қаласының кәсіпкері, оның екі күндегі табысы 1,3 миллион теңге.
"Бұл ретте, 5 аймақта ең төменгі табыс - 500 теңге. Онлайн бақылау-касса машиналарын енгізудің арқасында, қолма-қол есеп айырысулар туралы келіп түскен ақпарат негізінде салықтық есептілікті тапсырмастан бұрын, кәсіпкерлердің қызметіне барып тексеру жүргізбей-ақ, талдауға мүмкіндік берілді. Комитетте чектер берілмеген бақылау-касса машиналарының орналасқан жері туралы ақпарат бар. Осылайша, талдау барысында 17,4 мың шаштараздар мен сұлулық салондарының ішінде 16 мыңға жуығы өз қызметін әлі қалпына келтірмегені немесе онлайн БKM қолданбағандығы анықталды. Одан бөлек, ауысым соңында бір немесе екі чекті шығару сияқты фактілер де анықталды. Бақылау-касса машиналарын пайдаланбау және чектер бермеу - бұл кәсіпкерлік кірісті жасыру арқылы салық заңнамасын және тұтынушылар құқығын бұзу болып табылады", - дейді комитет өкілдері.
Жақын арада Комитет жыл сайынғы "Чекті талап ет - жүлде ұтып ал!" акциясын бастайды, онда жіберілген чектері үшін акцияға қатысушылар ұялы телефонының теңгеріміне бірден ақша алуына мүмкіндігі бар. Егер чек берілмесе, акцияға қатысушылар мобильді қосымша арқылы тиісті шағымды жібере алады, егер шағым расталса, ұялы телефонның теңгеріміне кепілдендірілген ақшаны ала алады.
Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді әрбір сатып алу кезінде чектерді талап ете отырып, азаматтық белсенділік танытуға шақырады.
Әрбір берілген чек - бюджетке қосымша түсім.