Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Карантиннен кейін 85 жастан асқан ардагерлер пойызда тегін жүре алады

Карантиннен кейін 85 жастан асқан ардагерлер пойызда тегін жүре алады

Акцияға тыл еңбеккерлері де қатысады.

Ардагерлер пойызбен тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге ТМД елдеріне де жүре алады. 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туылған Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері пойызбен тегін жол жүру құқығын алады.
Samruk-Kazyna Trust қорының хабарлауынша, ардагерлер карантиндік режим жойылғаннан кейін акцияны пайдалана алады. "2020 жылғы акция аясында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлерін және 1935 жылдың 31 желтоқсанына дейін туылған ардагерлерді Қазақстан мен ТМД елдері бойынша тегін теміржол қатынасымен қамтамасыз ету жалғасады", - делінген баспасөз хабарламасында.
Билетті алу үшін теміржол кассаларына жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы немесе Ұлы Отан соғысының қатысушысы не болмаса мүгедектік куәлігі, ал тыл еңбеккерлері – арнайы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау туралы жазбасы бар зейнетақы куәлігімен баруы керек. Бүгінгі таңда "Жеңіс" әлеуметтік және қайырымдылық жобасы аясында Қазақстанның 35 қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 640 ардагері мен тыл еңбеккері қажетті тауарлар түрінде көмек алды.
Әсіресе, жалғыз тұратын немесе денсаулығы мен әлеуметтік мәртебесіне байланысты көмекке мұқтаж адамдарға ерекше назар аударылды. Айта кетейік, карантин жағдайында барлық сақтық шаралары сақталды. Көмекке жұмылдырылған 200-ге жуық ерікті байланыссыз жеткізуде қашықтықты сақтап, медициналық маскалар мен қолғаптарды пайдаланды. "Жеңіс" жобасының бес жылында еріктілер қарт адамдарға 10 мыңнан астам рейд жүргізіп, үй шаруаларына көмектесті.


08 мамыр 2020 ж. 1 028 0

Ауданда ахуал тұрақты

19 сәуір 2025 ж. 72

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 73

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 71

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 66

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 140

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930