Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық зияткерлер жалғызбасты қарияларға көмек көрсетуге шақырады

Қызылордалық зияткерлер жалғызбасты қарияларға көмек көрсетуге шақырады

Төтенше жағдай кезінде Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ата-аналарының қолдауымен көмекке мұқтаж жандарды азық-түлікпен қамтамасыз етті.
Өңірімізде бастау алған қайырымдылық шарасына «Номад», «Сыр елі» және «Әйтеке би» шаңырақтарының еріктілері алғашқы болып қосылды. Жас зияткерлер ұн, сүт өнімдері, жарма дақылдары, көкіністер мен шаруашылық заттары бар көмек пакеттерін облыс орталығында тұратын жалғызбасты қарияларға жеткізді.
Бүгінгі жағдайда тағдыр тәлкегімен жалғыз қалған азаматтар мен аз қамтылған отбасыларға өте қиын болып отыр. Сондықтан жұмыла көтерген жүк жеңіл болады демекші, халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуді жөн санадық. Оқушыларымыз бен ата-аналарымыз бұл идеяны қолдап жатқандары олардың кең жүректі және өзгенің проблемаларына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетеді, – дейді Зияткерлік мектептің педагог-ұйымдастырушы-кураторы Бағдат Абилов.
Бұған дейін де зияткерлердің қамқорлығына бөленіп жүрген қариялар өздерінің шынайы алғыстарын жеткізді.
«Біз біргеміз!» деп ұран еткен мектеп белсенділері осы эстафетаны өзге оқушыларға жолдайды. Елдегі болып жатқан індет салдарынан қиын жағдайда қалған отбасыларға демеу болып, жақсылық жасауға шақырады.
20 сәуір 2020 ж. 704 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 55

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 61

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930