Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 42 500 теңгені заңсыз алғандар айыппұл төлей ме?

42 500 теңгені заңсыз алғандар айыппұл төлей ме?

Учет.кз сайты инстаграмдағы ресми парақшасында төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалғандарға төленген 42 500 теңгені заңсыз алғандарға қандай жаза қолданылатыны туралы жазба жариялады.

Жазбада Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 1 және 2-тармағын мысалға келтірген.

Учет.кз-тің ресми жазбасында 42 500 теңге алуға өтініш берген азаматтар, жұмыс беруші мекемелер министрлікке жалған ақпарат беріп, 42 500 теңге алатын болса, заң бойынша жауапкершілікке тартылатыны айтылған.

Алайда осыған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған азаматтардың алдағы уақытта қалай тексерілетіні туралы «Хабар 24» арнасы тікелей эфирінде өткізген брифингте «азаматтарға сенемін» деп айтқан болатын.

«42 500 теңгені жұмыс істемейтін азаматтар немесе зейнеткерлер заңсыз алса, кейін олар жауапкершілікке тартыла ма?» деген сауалға министр: «Кейін жаппай тергеу жүргізбейміз. Төтенше жағдай өткен соң, тек жұмыс берушілер ғана тексеріледі. Ал қазіргі уақытта табысынан айырылған ресми немесе бейресми жұмыс істейтін азаматтардың өтініші тексеріледі. 42 500 теңгеге ие болғандар осы қаржыны керегіне жаратсын. Олар осы әлеуметтік жәрдем қажет болғандықтан, алды. Біз оларға сендік», – деген болатын.
Ескерте кетейік, Еңбек министрлігі бұл мәселеге қатысты қосымша ресми мәлімдеме әлі жасаған жоқ.

Алайда Біржан Нұрымбетов 500 мың теңге жалақысы бар 2000 азаматтың 42 500 теңге алғысы келетінін анықтадық деп айтқан болатын.

16 сәуір 2020 ж. 733 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 73

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 78

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 61

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930