Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада күріш экспорты тоқтамайды

Қызылордада күріш экспорты тоқтамайды

Еуразиялық экономикалық комиссия дүние жүзінде жарияланған пандемияға орай бірқатар азық-түлік түрлерін осы жылдың 30 маусымына дейін Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен өзге елдерге шығаруға тыйым салғандығы белгілі болды. Оның ішінде күріш те еніп кеткен болатын.
Бұл жаңалық қызылордалық дихандар үшін айтарлықтай проблемаға айналды. Осы ретте, Сыр күрішшілері Кәсіпкерлер палатасына келіп, көмек сұраған болатын.
«Қызылорда облысында сауда орталықтарының қоймаларындағы күріштің қоры 3 мың тонна шамасында. Мұнан өзге ауыл шаруашылығы тауарөндірушілерінің қоймасындағы ақталмаған күріштің көлемі 190 мың тонна, яғни 90 мың ақталған күріш бар деп айта аламыз. Мұндай қормен ішкі нарықты толық, тіпті артығымен қамти аламыз. Біздің облыстағы ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері осы жылдың күз мезгіліне дейін үшінші елдерге экспортқа күріш жеткізіп беру үшін алдын ала ұзақ мерзімді келісім-шартқа қол қойып қойған. Бұл саладағы кәсіпкерлеріміздің негізгі табысы экспортқа тәуелді. Сондықтан да біз «Атамекеннің» орталық аппаратына ұсыныс жібердік. Өз кезегінде Орталық аппарат шұғыл тиісті министрліктерге шығып, кәсіпкерлердің проблемасын жеткізді. Нәтижесінде, қазақстандық күріш экспортқа кедергісіз шығатын болды», - дейді Кәсіпкерлер палатасының бөлім бастығы Жасұлан Серіков.
«Енді Сырдың күрішін экспортқа шығармайтын болыпты» деген хабарды естіп біраз қиналып қалған едік,себебі жүздеген мың адамның айлығы, ризығы соған тікелей байланысты, соны түсінген кәсіпкерлер палатасы дер кезінде тиісті, құзырлы орындарға шығып, хабарласып ол бұйрықтың күшін жоюға үлкен көмегін тигізді», - дейді «Абай-Дәулет» ЖШС директорының орынбасары Марат Сәрсенбаев.
Айта кету керек, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының тұрақты жұмыс жасайтын «жедел желісі»: 8 /7242/ 40-09-81 немесе 8 777 764 33 11 нөміріндегі call-орталыққа хабарласа алады.
Ал «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына хабарласуға арналған байланыс құралдары: 1432, 8 778 870 14 32.

03 сәуір 2020 ж. 462 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930