Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елдегі ахуал бақылауда

Елдегі ахуал бақылауда

Соңғы мәліметтерге сәйкес Қазақстанда үш азаматтың коронавирус жұқтырғаны анықталды. Елдің денсаулық сақтау министрлігі бірлескен шаралар арқасында үш ай бойы Қазақстан аумағына аталған індеттің кіруіне бөгет жасай алды. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар пандемияның себеп-салдарына алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізіп үлгерді. Ендігі мақсат анықталған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандарды анықтап, тиісті жұмыстар жүргізу екені белгілі. Бұған дейін осы бағытта елде қандай батыл қимылдар жасалды?
Жұқпалы аурудың алдын алу дегенде медициналық бетперде еске түсетіні рас. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев бұл жөнінде алаңдамауға болатынын айтқан еді. Сөзіне сенсек, ай сайын елдегі кәсіпорындар 5 миллион дана маска шығарады. Қуанарлығы өндіріс көлемін 6,5 млн данаға дейін көбейтуге мүмкіндік бар. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша сұранысты қамтамасыз етуге күш салатындарын жеткізді.
Ал ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына қарсы күрес жөніндегі шешімнің аяқталғанын және дер кезінде қабылданғанын мәлімдеді. Кәсіпорындар мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлерінің медициналық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сонымен бірге балаларына қарау үшін үйінде отыруға мәжбүр ата-аналардың бәріне ақылы еңбек демалысын беру қажеттігін жұмыс берушілерге түсіндіріп, Үкіметке фискалды механизмдер арқылы кәсіпорындарға қолдау көрсету керек екенін айтты.
Президент тапсырмасымен медициналық мекемелер мен азаматтарды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету мәселесі шұғыл шешіліп, медициналық нысандардың дайындығы тексерілді. Мемлекеттік қызметшілер мен басқа да лауазымды тұлғалардың шетелдерге іссапармен баруына тыйым салынып, тек халық пен елдің мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған сапарларға ғана рұқсат беріледі.
Бұдан бөлек республика аумағында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көптеген жиындар мен кездесулерге тоқтау қойылып, қоғамдық орындарда адамдардың көп шоғырлануын болдырмауға күш салынып келеді. Мәселен, 16 наурыздан бастап білім беру мекемелері сабақ жүргізуді тоқтатады. Бұл оқушылардың індет жұқтыру қатерінің алдын алады. Сондай-ақ кәсіптік, жоғары білім алып жүрген студенттер қашықтықтан оқуға ауысты. Осы ретте шетелде білім алып жүрген 900-ға жуық “болашақтық” жастарды да елге қайтарылуы мүмкін.
Жұқпалы ауруға байланысты ойын-сауық орындарына да шектеу бар. Үкіметтегілер халықты той-томалақ пен қонақ күтуді қолдан келгенінше тоқтата тұруға шақырды. Республика аумағындағы кинотеатрлар есігіне уақытша құлып салынып, спорттық шаралар кейінге шегерілді. Бұл халықаралық ұшақ рейстерінің саны да азаятынын білдіреді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шариғаттағы зәрулік үкімін негізге ала коронавирустың жамағат арасында таралуын болдырмау ¬жолдарын қарастыруда. Жұма намазынан бұрын айтылатын 30 минуттық уағыз уақыты наурыздың 20-нан кейін шектеледі. Сонымен бірге жұма намазының парызынан кейін оқылатын 4 рәкат сүннеттін үйде оқуға кеңес берді. Намаздан кейін қол беріп, «Жұма қабыл болсын!» деп амандасуды тыйып, ауа райы қолайлы аймақтарда жұма намазын мешіт ауласында оқуға рұқсат етілді.
Қазіргі таңда Қазақстанда 1000-ға жуық адам карантинде. Биліктегілер бұл көрсеткіштің өсім алмауы үшін бар күшін салатындарын айтып отыр. Ал мемлекет басшысы елдің азық-түлік қоры Қазақстан халқының қажеттілігін толық қамтамасыз ете алатынын, тұтыну тауарларына қатысты ешқандай тапшылық болмайтынын мәлімдеді.
Қазақстан Республикасының азаматтары 1406 call-орталығына хабарласып, коронавирусқа байланысты кез келген ақпарат пен сауалдарын жолдай алады.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
14 наурыз 2020 ж. 811 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930