Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бетперделер өзімізде

Бетперделер өзімізде

Облыс әкімінің орынбасары Байқадамов Наурызбай Сейтқалиұлы коронавирустан сақтану шараларының пысықталуына байланысты жедел отырыс өткізді.

Коронавирустан қорғанудың бір тәсілі - үнемі бет перделер тағып жүру. Дегенмен, дәл қазіргі уақытта дәріханаларда бетперделердің тапшылығы орын алуда.
Арнайы отырысқа қатысқан облыстық денсаулық сақтау басқармасы, облыстық кәсіпкерлік басқармасы, Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, "Далатекс" тігін фабрикасы өкілдері мен жеке дәріхана иелері бір шешімге келді.
Онда қазіргі уақытта "Далатекс" тігін фабрикасында тігіліп жатырған 8 қабатты көп ретті пайдалануға жарайтын жеке қорғаныш бетперделерін, Қызылорда қаласы және аудандардағы дәріханаларға жеткізу қолға алынатын болды.
Бүгіннен бастап, барлық дәріханаларға 3 мың данасы жеткізіледі деп келісілді. Әрі қарай, сұранысқа қарай 5 мың данаға жеткізу жоспары бар.
"Далатекс" тігін фабрикасы өкілінің мәлімдеуі бойынша, келесі аптадан бастап арнайы қондырғының көмегімен бір реттік жеке қорғаныш бетперделері шығарыла бастайтын болады.
13 наурыз 2020 ж. 1 437 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 176

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031