Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талпынғанға табыс көп

Талпынғанға табыс көп

Адамзатқа тура жолда жүріп, кәсіп қылмақ үшін қандай бағыт тиімділігі туралы айтылғанда, хакім Абай қарекет қылмақ, жүгірмек керектігін жеткізеді. Соңғы жылдары елдегі шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға жасалған мүмкіндікті пайдаланушылар қатары көбейді. Солардың бірі мемлекеттік бағдарлама көмегімен бизнесін бастаған Әйтеке би кентінің тұрғыны ­Лариса Әбден.
«Базарчик» сауда қатарының жоғарғы қабатында орналасқан шағын цехтан бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды көріп тәнті болған біз аз уақытта кәсіпкер келіншектің тұтынушыларының талғамы да түрлі екеніне көз жеткіздік. Қыз жасауы, ұлттық үлгідегі топтамалар, киім пішу, жаңғырту, қалпына келтіру, перделер мен жальюздер дайындау дейсіз бе, барлығына үлгеруге тырысып жатқан кейіпкеріміздің шапшаң қимылы мен жауапкершілігі көңіл сүйсіндірді.
Өзін тұғырдан түспейтін мамандық иесіне балайтын оның сөзінен тігіншіге тіге білу аздық ететінін ұғындық. Айтуынша, нарықты зерттеу, мата таңдау, тапсырыс берушімен тығыз байланыс орнату, пікіріне ден қою, уақытты тиімді пайдалану, күнделікті саладағы жаңалықтармен хабардар болуды ұмытпау, ізденісті арттыру сынды түрлі мәселеге мән берудің маңызы зор.
«Бала кезден өзіме ұнаған дүниелерді лезде дайындап алатын дағдым бар-тын. Фирмалық үлгілердің ұнамаған тұсын өзгертіп алатын қабілетім, бірте-бірте сәнге деген талғамым мен талабымды қалыптастырды. Бірнеше жыл бұрын терезе жапқыштары мен жальюздерін дайындайтын шағын кәсіпті қолға алдым. Әлі де сол бағытта жұмыс істеп келемін. Қыс айларында оған сұраныс бола бермейді. Сондайда тігін мәшинемді қолға алып: «Неге босқа отырғанша құрақ көрпе үлгілерін тікпеске?» деген ой келді».
Алайда көз жауын алатын ұлттық ою үлгілері бар бұйымдарды дайындау оңайға соқпайды. Осы жолда өткен жылы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған кәсіпкерлік негіздерін оқыту курсын аяқтайды. Қайтарымсыз грантқа қол жеткізген қыз тігін мәшинесі, құралдар мен мата түрлерін алып, ісін ілгерілетеді.
«Менің Ларисаны танығаныма көп бола қойған жоқ. Бірақ байланысымыз берік түзілді. Жақында қызымды ұзаттым. Барлық жасауын осы тігінші дайындады. Көз жауын алатын көрікті дүниелер көпті қызықтырды.
Қазір тігін шеберханасы да, цехтар да көп. Алайда қалтаң көтеретін қаржыға өтінішіңді өзің ойлағандай етіп орындайтын Ларисадай мамандар некен-саяқ», – дейді Нәбира Ахметова есімді кент тұрғыны.
Бұл тұрғыда тігінші: «Зерттеп қарасам, қазақы ою-өрнекпен бедерленген бұйымды барлығы ұнатса да, оған кез келгеннің қолы жете бермейді екен. Мен ауданда тұратын және жақын ауыл-аймақ адамдарының жағдайларын ескеріп, Түркістан қаласынан алатын бағамен қызмет ұсынуды мақсат тұтып отырмын», – дейді.
Мемлекеттік бағдарлама арқылы кәсібін дөңгеленткен Лариса Өмірзаққызы алдағы уақытта шеберлер қатарын көбейтіп, тапсырыс түрін арттыруға күш салып отыр. Отбасы тұрмысы мен кәсібін қатар алып жүрген ісмер бізбен қоштасарда: «Елде жаппай жұмыссыздық белең алды» деген хабарды естігенде тәнті боламын. Бізде кім қандай шаруамен айналысқысы келсе, оған мемлекет барынша қолдау көрсетіп келеді. Бұндай жұмыстар қатары жыл санап ауқымын кеңейтуде. Әрбір адам армандар мен мақсаттарын жүзеге асыру арқылы өзгелерге көмегін тигізсе, ел экономикасына тамшыдай болса да, үлесін қосар еді», – дейді ағынан жарыла. Біз аз ғана сәттік сұхбаттасудан талпынғанға табыс көбін түйіндедік.
Алтын ҚОСБАРМАҚОВА
22 ақпан 2020 ж. 999 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 42

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 38

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930