Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

5 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының ықпалында болады. Осыған байланысты елдің басым бөлігінде жауын, қар жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, тек елдің оңтүстік және оңтүстік батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. 
Республика бойынша кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болып, жел күшейеді. 
Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метрге жетеді. 
Қостанай, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Қостанай облысында екпіні 23-28 м/с. 
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 
Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, түнде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 
Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. 
Алматы, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.
05 ақпан 2020 ж. 592 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30