Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК өкілдерінің мәліметінше, ақпанның басында Атлантикалық циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар алдымен батыста, одан кейін Қазақстанның қалған аумақтарында жауын-шашынның жаууына, тұман және көктайғақ қалыптасуына әкеп соғады.

6-8 ақпан аралығындағы кезеңде солтүстік және шығыс өңірлерде бұрқасынмен қатты жауын-шашын және жел секундына 15-25 метр дейін күшеюі мүмкін. Сонымен қатар, Иран аудандарынан жылы ауа массаларының түсуі температуралық фонның жоғарылауына себеп болады:

Батыс, солтүстік-батыста түнде -3-8 градустан 0-5 градусқа дейін, кей жерлерде +3, күндіз 0-5 градустан 0+7 градусқа дейін;

Солтүстікте, орталықта және шығыста түнде -20-28 градустан 0-10 градусқа дейін, күндіз -8-15 градустан -3+2 градусқа дейін, кей жерлерде -6 градусқа дейін;

Оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 0-8, кей жерлерде -13 градусқа -3+2 градусқа дейін, күндіз +2+7 градустан +5+12 градусқа дейін.

Бірінші онкүндіктің соңында Қазақстан бойынша ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

Солтүстік бөлігінде түнде -10-20 градусқа дейін, күндіз -5-13 градусқа дейін;

Оңтүстік бөлігінде түнде -3-13 градусқа дейін, күндіз 0-7 градусқа дейін.

Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде циклондар мен антициклондардың жиі алмасуы болжанады, онда ашық аязды күндер жиі жылы және жауын-шашынды күндермен алмасады.

Осылайша, орташа айлық ауа температурасы Қазақстанның басым бөлігінде нормадан 1 градус жоғары, тек батыста климаттық мәндер шамасында болады. Жауын-шашын мөлшері Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және оңтүстік, оңтүстік-шығыс, шығыс аймақтарының тау бөктеріндегі аудандарда нормадан көп, ал қалған аймақтарда норма шамасында болады.

Болжам синоптикалық жағдайдың өзгеруіне қарай, елеулі түзетулерге ұшырауы мүмкін консультативтік сипатқа ие.
03 ақпан 2020 ж. 1 012 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930