Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент келбеті көріктене түседі

Кент келбеті көріктене түседі

Жұма күні Әйтеке би кенті әкімінің өткен жылғы атқарылған жұмысты саралап, алдағы міндеттерді белгілеу мақсатындағы тұрғындармен жүздесу жиы­­ны өтті.

Кент басшысы Қайрақбай Орынбасаровтың баян­­дамасы бойынша 46 мыңнан астам халқы бар аудан орталығында шағын және орта бизнес кең қанат жая түскен. Бүгінге дейін бұл салада 2647 адам жұмыс жасаса, 275-ы кәсіпкерлік субъектісін жаңадан ашып, 1 млрд 308 млн теңге қаржылай несие алған. Жыл ішінде жаңадан «Nur-Med.kz» медицина орталығы, «Рау-Илья», «Орда» мейрамханалары мен «Sulpak», «Alser», «Рамазан», «Нұр-авто» кәсіпкерлік нысандары пайдалануға берілді. «Бас­тау бизнес», «Бизнес кеңесші» бағдарламасымен 179 кәсіпкерлік жобасы қолдау тапқан.

– 2019 жылы мал басы саны 15134-ке жетті. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау, жұқпалы аурулардың алдын алуда 2888 иесіз ит-мысықтың көзі жойылды. Қазіргі уақытта бұл іс жалғасын табуда.
Аудандық бюджеттен бөлінген 7 млн теңгеге Батыс-Еуропа – Батыс-Қытай автотрассасының екі қапталындағы 6 гектар жерге 1200 дана сексеуіл көшеті егіліп, Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі арқылы күтімге алынуда. «Мелиоратор» мөлтек ауданы мен Достық көшесіне спорттық-жаттығу тренажерлары қойылды.

В.Счастнов, Желтоқсан көшелері бойындағы екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйлер ауласына 6 қоғамдық әжетханалар мен қалдық су төгетін және қоқыс контейнерлерін қоятын орындар мен түнгі жарықшамдар орнатылды.
Облыстық бюджеттен бөлінген 152 млн теңге қаржыға Жетес би, Мағзаман көшесінің көлік жолы толықтай және Жалаңтөс батыр, С.Сүлейменов көшелеріне орташа, тағы да 17 көшеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Әйтеке би ескерткіші алаңы мен аудандық аурухана ауласына 1,2 шақырымдық аяқсу желісі тартылды. Қ.Пірімов көшесіндегі демалыс алаңына ордазы құмы төселіп, ою-өрнектер жасалды. Т.Бөріқұлақов көшесіндегі автокөлікке арналған айыппұл алаңы қайта жабдықталып, «Сұлутам» қорымына қоршау жүргізілді, – деді ол.

Басқосу барысында сонымен бірге халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы кезек күткен шаруалар жайы да назарға алынды. Айталық, биыл Жанқожа батыр, Қ.Ерімбет, Я.Михайлюк көшелеріндегі көп қабатты тұрғын үйлер ауласы, №5 кварталдағы Жетес би ескерткіші алаңы абаттандырылады. Осы аумаққа кіші футбол алаңы орналастырылады. Әйтеке би кентіндегі «Шұғыла», «Ақбота», «Айгөлек», «Балапан» балабақшасы ауласына темір күркелер орнату қолға алынады. Көшелерге қосымша аялдамалар қоюға 7 млн 787 мың теңге қаржы бөлінді. Әйтеке би саябағына, Рәміздер алаңы мен Жанқожа батыр кесенесі аумағы мен кент көшелеріне саялы ағаштар мен гүл көшеттері егіледі. Әйтеке би көшесінің екі қанатындағы аяқсу арықшасына лоток орнатылады.

Кезегіне сәйкес Әбілқайыр хан, Қорқыт ата орамы (оның ішінде тесік-көпір, Қорқыт ата көшесі аралығы 1,5 шақырым), М.Мәметова көшесі асфальтталса, Қ.Жаймұратов, Нұрила ана, Жәмет жырау мен №4 кварталдағы көшелер орташа жөндеуден өткізіледі. Жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында көшелерге жолақ сызықтары сызылып, О.Жанәділов көшесіне жаяу жүргінші жолы салынбақшы.
Кент әкімінен кейін аудандық полиция бөлімінің бастығы Сәбитбек Арынов қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алудағы жүзеге асырылған бірқатар шаралар жа­йын ортаға салды.

Елмен кездесуде сондай-ақ аудан әкімі Мұрат Ергешбаев 2019 жылды қорытындылап, кезек күткен мерейлі межелерге тоқталды.
Тұрғындар сауалына кезек келгенде алғаш болып мінбер төріне шыққан еңбек ардагері Мәлкаждар Дүйсенов: «Бізді аудандық бюджеттің арта түскені қуантады. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет саласында көптеген жетістіктер бар. Қазалыдағы аурухана көршілес Қармақшы, Арал ауданы тұрғындарына да қызмет көрсетеді. Жақында көптен күткен «Әлсейіт көпірі» пайдалануға берілді. Мұның бәрі әкімдердің еңбегі. Соған кент тұрғындары мен ардагерлер атынан шынайы алғысымды білдіремін», – дей келе көпшілікті көше тазалығын сақтауға жанашырлықпен қарауға шақырды.

Қадырбек Бекетов Әбілқайыр хан көшесінде асфальт төсеу басталғанына ризашылығын айтса, Кемал Көпжасар жол қозғалысын реттейтін полиция санын арттыру, Беганыш Жақсыбаев базар бағасына бақылау орнату, Роза Зейнединқызы С.Сейфуллин көшесінің бас жағына жарықшам қондырылса, Едіге Қанқожаев Ж.Аймауытов көшесіне қиыршық тас төселсе деген ұсыныстарын жеткізді.
Сахи ҚАПАР
28 қаңтар 2020 ж. 943 0

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 7

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930