Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Сезімнің” сыйы

“Сезімнің” сыйы

Гүлдің кез келген түрін табиғаттың таңғажайып жұмбағы деп жатады. Өйткені өткен ғасырда адамдар гүл сыйлау арқылы сезімін білдіретін болған.
Ертеректе серілер гүлдеген шие ағашының бұтағын сыйлау арқылы ғашықтығын аңғартса, сүмбігүл саны арқылы кездесу күнін белгілеген. Сол кездің жігіттері ғашықтарына ақ раушан гүлімен ұсыныс жасап, одан келісім ретінде үміттене дәстүргүлді күткен. Бүгінде гүл сыйлау мәдениеті қазалылықтар арасында біршама қалыптасып қалды. Содан да болар жақында кент орталығы тағы бір “Сезім” гүлдер әлемімен толықты. Кәсіп иесі Бақытжан Мақшатты көзі қарақты оқырман жақсы таниды. Себебі оның есімі газет бетінде бірнеше мәрте аталған. Бұрынырақ “Нұрай” гүлдер әлемінде жұмыс істеген жас кәсіпкер қараша айының аяғында жеке кәсібін ашты. Үш жылдан аса уақыт бойы
гүлді баптау, сақтаудың қыр-сырын меңгерген ол өз ісін бастауда қиындық көрмегенін айтады. Оның үстіне нағашы ағасы Бақытбек бірге жұмыс істеуге көмекке келген. Қазіргі таңда білікті бағбан сұлулығы таласқан гүлдерді Голландия елінің Эквадор қаласынан алдыр-тады.
“Сезім” гүлдер әлемінде қазірдің өзінде роза, ра-ушан сияқты гүлдердің көптеген түрлері бар. Бөлме гүлдерін ұнататындарға арналғаны бөлек сөреге орналастырылған. Кәсіпкер әртүрлі қуанышқа, рәсімге байланысты композиция түрлерін жасауды меңгерген. Бұл оған тұтынушылар әкелетін бірден бір тәсіл де-сек болады. Өйткені гүлдің сұлулығы бір бөлек болса, оның үйлесімді сәнделуі өз алдын айрықша өнер. Осы артықшылығы үшін мейрамханаларда болатын той, жиын, мерекелік шараны безендіруге тапсырыс толас-тамайды.
Ұзақ жылдар бойғы ізденістің арқасында өз ісін жеткілікті түрде меңгерген кәсіп иесінен жақын адамға қандай гүл сыйлау керектігі туралы сұраған едік. Ол ең алдымен шын көңілмен сыйға тартылған гүл алушының
көңілін тербейтінін айтады.
– Гүлді таңдап, оны орау қиын жұмыс емес, тек қарапайым ғана ережелерін білсеңіз болғаны. Оны алар-дан бұрын оның кімге және не үшін сыйлайтыныңызды естен шығармаңыз. Әйел, ер кісі, бала, жас, кәрі мұның барлығы маңызды. Ал өте жақын адамыңызға оның сүйікті гүлін таңдаған артық болмайды. Бұл сұрақ төңірегінде кеңес керек болса келушілерге әрқашан қол ұшын созуға дайынмын, – дейді Бақытжан.

Сартай БАЙЖАН
13 қаңтар 2020 ж. 921 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 57

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 50

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 51

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930