Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көпбалалы отбасыға жәрдемақы қалай төленеді?

Көпбалалы отбасыға жәрдемақы қалай төленеді?

Тəуелсіздік алған соң 1999 жылдың 5 сəуірінде «ҚР Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» заңы бекітілді. Онда отбасында 4 және одан да көп баласы барларға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. Мемлекеттік қаржы 18 жасқа толған, жоғарғы және арнаулы орта білім беру мекемелерінде күндізгі бөлімде оқитындарға оқу орнын бітіргенше төленіп келді.

2018 жылдан бастап аталған жәрдемақы тоқтатылып, жаңа форматтағы түрі қолданысқа енгізілді. Дегенмен бұл кезге дейінгі тағайындалып, төленген жәрдемақы бұрыннан тіркеуде тұрған әйелдерге беріле береді. Мұндай ана саны 1700-ге жуық, оларға республикалық бюджеттен ай сайын 10504 теңгеден төленген. Енді әлеуметтік еңбек саласындағы кейбір заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістерге сай 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап құрамында бірге тұратын кәмелетке толмаған төрт және одан көп оның ішінде кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітіретін уақытқа дейін (жиырма үш жасқа толғанша) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын балалары бар отбасы ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқылы. 2020 жылдың қаңтарынан бастап көп балалы шаңыраққа берілетін жәрдемақы мөлшері: 4 балаға – 42496 теңге, 5 балаға – 53127 теңге, 6 балаға – 63757 теңге, 7 балаға – 74388 теңге болып республикалық бюджеттен төленеді.
Жәрдемақы тағайындауда: жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме, балаға қамқоршылық белгіленген немесе бала асырап алынған болса, қорғаншылық (белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат) көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (бұзу) туралы куәлік ұсынылады. Сондай-ақ өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші тұлғалар берген жағдайда сенім хат, банктік шот нөмірі, бірлесіп тұру фактісі «Жеке тұлғалардың мемлекеттік базасы» АЖ автоматты түрде расталатын болады.

«Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысының филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қазалы аудандық бөлімінің басшысы Тәуірбай Құлмұраттың айтуынша, заңды өзгерістерге орай 2019 жылдың 12 қарашасынан бастап бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылды.

Атап айтқанда, 2018-2019 жылдары 4 балалы болған 600-ге жуық ана аудандық халыққа қызмет көрсету орталығымен бірігіп арнайы шақыртылды. Олардың мекен жайларын нақтылап, жәрдемақыға тиісті құжаттары дайындалды. Тағы қосымша 5-6-7 балалы болған 400-ге жуық ана орталықтандырылған мәліметтер базасынан анықталып, тағайындау дерекқорына техникалық өтініштерімен автоматты түрде тіркелді. Олар 2020 жылдың қаңтар айының тізіміне қосылды. Осы шаралардың арқасында 2400-дей нәзік жандыға ай сайын республикалық бюджеттен 110 млн теңге қаржы бөлінеді деп күтілуде. Жәрдемақыға құжаттар тапсыру өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады.

Мұнан бөлек аудан бойынша республикалық бюджеттен 17 мыңға жуық әлеуметтік төлем алушының қаржысын 2020 жылға арттыру жұмыстары қолға алынуда. Мысалы ауданда 7800-ге жуық зейнеткердің зейнетақысы 7 процентке, 3500 мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың қаражаты 5-7 процентке көбейеді. Яғни «Азаматтарға арналаған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру бойынша Қазалы аудандық бөлімі арқылы республикалық бюджеттен 2020 жылдан бастап ай сайын 1 миллиард 6 миллион теңгеге жуық қаржы төленетін болады. Мұның барлығы тәжірибелі бас мамандар А.Күншығар, Қ.Қылышбай және мамандар Қ.Көбегенов, С.Бегалы, Р.Шыныбаев, Э.Мәтіш, Ж.Нұралы, Д.Нұралиевтің сүбелі еңбегінің арқасында іске асырылуда.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА

24 желтоқсан 2019 ж. 1 950 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930