Елорданың ерекшеліктері
Нұр-Сұлтан – Қазақстанның жаһан картасындағы төлқұжатына айналып үлгерген алып шаһар. Бас сәулетшісі Елбасы болып саналатын еңселі елорда арқа төсінде менмұндалап тұр. Қазір жаһан жұртын елең еткізер алқалы жиын да, мәдениет пен спорт саласындағы бәсі биік бәйге де астананы айналып өтпейді. Көрген жанның көзі тоятын көкпен таласқан ғимараттар күн санап көбейіп келеді. Бүгін біз екі он жылдықты еңсерген Нұр-Сұлтан қаласының өзге елде жоқ ерекшеліктерімен бөлісеміз.
Қаладағы “Думан” ойын-сауық орталығында орналасқан океанариум Гиннес рекордтар кітабына енген. Оған теңізден алшақ жатқан окенариум екендігі себеп болды. Ол 120 тонна теңіз тұзымен дайындалған үш миллион литр су сыйдыра алады екен. Мұнда әлемнің әр түкпірінен әкелінген екі мыңға жуық су мекенділер жіберілген. Жасанды теңіз табиғатында тіршілік кешіп жатқан балықтың алып түрі үш метрлік акула мен 200 келі тартатын тасбақа болып табылады.
Баяғы заманның алты қанат ақордасын еске салатын “Хан-Шатыр” да рекордтар кітабына кіріп үлгерген. Шатыр кейпіндегі жер бетіндегі ең үлкен ғимараттың биіктігі 150 метрді құрайды. Атақты архитектор Норман Фостердің қолтаңбасы қалған шатыр Forbes журналындағы эко-ғимараттардың ондығына кірген, ТМД бойынша жалғыз нысан. 2010 жылы салынған мұнда арнайы Мальдив аралдарынан жеткізілген теңіз топырағы төселген жасанды демалыс жағажайы бар.
Ислам әлемінің басты үйі саналатын “Хазрет Сұлтан” мешіті Орта Азиядағы кең ауқымды ғибадатханалардың біріне баланады. 2012 жылы іргесі қаланған 11 гектар жерді алып жатқан мінажат үйіне 10 мың адам сияды. ХII ғасырда өмір сүріп кеткен ұлы ойшыл Қожа Ахмет Яссауидің құрметіне “Хазірет Сұлтан” атанған. Мешіт күмбезінің биіктігі 51 метр де, диаметрі 28 метрді құрайды. Мешітте мұсылман қауымының қасиетті кітабы Құранның “Осман Құраны” қолжазбасының көшірмесі сақталған. Күмістен құйылған оны Нұрсұлтан Назарбаев барлық түркі әлеміне тарту еткен.
2013 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысымен бой көтерген Орта Азиядағы ең үлкен театр «Астана Операда» 2 үлкен, 6 кіші және 11 қосымша зал бар. Негізгі көрермен залы 1250 орынға шақталған. Оның 450-і партерде, италиялық сәулет тәсілімен тұрғызылған қалған бөлігі оны қоршай орналасқан. Оны сәндеумен Швейцария, Италия, Марокко мен Албаниядан келген мамандар айналысқан. Оркестр отыратын жері 120 адамды сыйғыза алады. Мұндағы әртістерді іріктеу үшін Италиядағы “Ла Скаладан” арнайы мамандар шақырылған.
2011 жылы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған “Қара жорға” биі де Гиннеске енген. “Хан-Шатыр” ойын-сауық кешенінде өткен дәстүрлі биге 400 студент қатысқан. Шара біткеннен кейін қатысушыларды 300 келі бешбармақпен тамақтандырып, бұл да рекордқа ұсынылған. Бірақ 2015 жылы астанада дайындалған ет тағамы бәрібір де рекордтар кітабына енді. Оның салмағы 736,5 келіні құрап, пісіру үшін 800 келі ет, 14 қап жуа мен 300 келі қамыр кеткен.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайы Мемлекет басшысының өкіміне байланысты құрылған және бұрынғы Резиденцияда орналастырылған. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға байланысты архивтік құжаттары, ғылыми еңбегі, сыйлықтар жиынтығы, марапаттар және басқа да заттар мұражайда сақталуда. Бір жақты көрініс табатын құнды заттар бейнесі өзгертілмеген күйде сақталған. Қазіргі кезде мұражайда қырық мыңнан асатын экспонаттар жинақталған. Мұражай мақтанышына Президент сыйлықтары жатады. Бұл жиынтықта КСРО кезіндегі және тәуелсіз Қазақстан тұсындағы көптеген мемлекеттер мен халықаралық мекемелер берген сыйлықтар бар. Мемлекет басшысына тапсырған кітап үлкен қызығушылық танытады. «Ел және әлем» көрмесінде 30 әлем елдерінің керемет 148 экспонаты (суреттер, мүсіндер, ескерткіштер, әшекей бұйымдар өнері) көрсетіледі. Бұны Қазақстан Президентіне шетелдік мемлекет басшылары мен әкімшілігі, халықаралық мекемелер мен қорлар, әлем мекемелері сыйлаған. Мұражай біздің елдегі мәдени өмірде ерекше орын алады, бай тарихи оқиғалармен таныс болуға және өткеннен сабақ алуды мақсат етеді.
“Шабыт” шығармашылық сарайы Есіл өзенінің оң жақ жағалауында Астананың жаңа әкімшілік орталығында, Конгресс-Холл ғимаратының жанында орналасқан. Бұл ғимарат трибуналары – тренажер жарақтары бар спорт залдарынан, 300 және 500 орынға арналған әмбебап концерт залдарынан, көрме кешендерінен, репетиция бөлмелерінен, кітапханадан, сазгерлер мен суретшілердің шығармашылық үй-жайынан, хореография алаңдарынан, балалар шығармашылығы сыныптарынан, баспасөз залдарынан, дәмханалар мен әкімшілік жайлардан тұрады. Осында балалардың музыка, кинематография, сахна өнері, детектив мектептері, «Өнер» мектебінің сыныптары, «Номад» арторталығы, журналистердің, сәулетшілердің, дизайнерлердің шығармашылық одақтары да бар. «Шабыт» орталығы – тәуелсіз елдің барлық талантты да шығармашыл адамдарының басын қосатын ең ірі, бірегей кешен. Сарайдың жалпы аумағы – 30 мың шаршы метр. Ғимарат Астанадағы Қазақ ұлттық өнер университетінің қарамағына берілген. Орталық 2010 жылдың маусым айында Елбасының қатысуымен ашылды.
Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы биіктігі 62 метр және ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Ғимарат жасанды он бес метрлік үйінді үстінде орналасқан. Атақты мэтр, ағылшын сәулетшісі Норман Фостер өзінің жобасына арнайы таңдап алды. Тек осы жер ғана барлық әлемдік дәстүрлі діндер өкілдерінің конфессиялар арасындағы қатынасына қызмет етеді. Бейбітшілік және келісім пирамидасы – толеранттық идеясының апофеозі іспеттес, Қазақстан халықтары бірлігіне ескерткіш, оның үйлесімдік пен гуманитарлық құндылықтарға ұмтылуы. Әлемде барлығы уақыттан қорықса, тек уақыт қана пирамидадан қорқады. Ежелгі мысырлықтар солай деп айтқан және өздерінің жұмбаққа толы пирамидаларын тұрғызған, перғауындарының аттарын уақыт және кеңістік аралығында өшпестей қалдырған. Пирамида бізге мәңгіліктің мызғымас символы ретінде жетіп отыр. Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайына ұқсас архитектуралық культті нысан әлемде жоқ.

Дайындаған
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ
Ақтілеу ҚАЛДЫБАЙ