Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Имамдар форумының игілігі мол

Имамдар форумының игілігі мол

Жақында Елордадағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Рухани құндылықтар – қоғам бірлігінің негізі» атты ІІІ республикалық имамдар форумына қатысып қайттық.

Келелі басқосуға ҚР Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, ҚМДБ-ның төрағасы, бас муфти Серікбай қажы Ораз, мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, тағы басқа да ғалымдар, депутаттар, белгілі теологтар, еліміздің әр аймағынан келген имамдар қатысты.

Алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтаухаты оқылды.
Елдің бас муфтиінің баяндамасында тіршіліктің құлшылықсыз, ал құлшылықтың тіршіліксіз мәні болмайтыны, адам баласының рухани әлемін екі ғылымға бөліп қараса: Бірінші ішкі рухани жандүние, екіншісі – сыртқы амал-әрекет екені құраннан, хадистен, ғұламалардың қалдырған өсиеттерінен мысалдар келтіріліп, түсінікті түрде баяндалды.

– Қоғамда көрініс тапқан отбасылық келеңсіздіктер, оның ішінде ерлі-зайыптылардың ажырасу оқиғалары, суицид, біреудің арын таптау, ұрлық, зорлық-зомбылық сияқты күрделі мәселелерді шешудің бір ғана қуатты жолы рухы биік сананың қалыптасуы. Сана түзелсе – адам түзеледі. Адам түзелсе – қоғам жақсарады. Рухы биік сана – барша жамандықтың қалқаны. Біз осы бағытта жұдырықтай жұмылып, көбірек жұмыс істеуіміз керек, – деді дін басы.

Президент әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов, Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев, ҚМДБ-ның аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай қажы ­Бейсенбаев, басқа да дін өкілдері мен мемлекет және қоғам қайраткерлері өтіп жатқан форум тарихи сәтке, елеулі оқиғаға толы игі бастамаға бастайтынын тілге тиек етті.

Дін ғұламалары ұсынған Қазақстан Мұсылмандарының тұғырнамасы «Жеті рухани қазық» тәлімдік құжаты, дін қызметкерлері атқаратын рәсімдер мен жоралғылар, діни лауазымдар тізілімі рухани тұғырнама құжаттары қабылданды.
Онда имандылықтың – адамның қоғамдағы, күнделікті өмірдегі іс-әрекеттерін белгілі бір қалыпқа түсіретін рухани жол екендігі, Отаншылдықтың мәйегі – өз ұлтын, туып өскен жерін, салт-дәстүріне құрметпен қарап олардың көркеюіне адал қызмет етудің жолдары айтылады. Білімділік – білім алу исламдағы басты міндет, ауызбіршілік – тұрақтылықтың негізгі діңгегі, еңбекқорлықта – ислам дүниемен ақырет тізгінін тең ұстаған дін, мәдениеттілік – көркем мінезділік пен әдептілікке негізделгендігі, әділдік – ізгіліктің өзегі екендігі түсінікті түрде жеткізілген.

Дін қызметкерлері атқаратын рәсімдер мен жоралғылар тізілімінде: балаға ат қою, діни білім беру, бата беру, азан айту, намаз өткізу, жұма намазы, екі айт намазы, тарауых намазы, кусуф намазы, неке қию, уағыз айту, пәтуа беру, діни сұрақтарға жауап беру, ауыз ашар, мәуліт оқу, дем салу, иман үйіру, оң жаққа жатқызу, мәйітті жуу, кебіндеу, жаназа намазы, жерлеу, құран бағыштау, құдайы ас беру, мешітке келгендерге, қабір басына барып құран оқу, Хатым-құран оқу жолдары түсіндіріледі. Яғни тал бесіктен жер бесікке дейінгі жасалынатын амалдар түгелімен жеткізілген.

Діни лауазымдар тізімінде ҚМДБ-ның 26 діни лауазымы нақтыланған. Олардың әрқайсының атқаратын міндеттері бекітілген. Ауыр да күрделі түрде атқарылатын діни істердің көбі имамдарға жүктелген. Себебі имамдық – жауапкершілігі мол қызмет. Имам қол астындағыларға жауапты әрі олар үшін сұралады. Сондықтан мұндай жауапкершілікті атқару үшін, өз болмысымен үлгі-өнеге болатын, көркем мінез-құлық пен ұстаздық қабілет-қасиеттер, белсенділік пен азаматтық сипаттар имамнан талап етіледі. Қазіргі қоғамдағы діни ахуал жағдайында ішкі тұрақтылықты және тұтастықты сақтауда имамның қызметі зор. Аурудың алдын алып, оған қарсы ем қолданғандай, рухани дерттің емшілері мен қоғам өмірін үйлесімділікке келтіретін имамдар. Бұрыс бағыттағы біреудің жетегінде жүрген азаматтарды дұрыс арнаға салу, ақ пен қараны, халал мен харамды ажыратып беру имамдардың мойнында.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш ­Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы игі идеяларды, сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды тұғырнамасында көрсетілген «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу.» бастамасын қолдай отырып, оған үлес қосуды азаматтық борыш санаймыз.
Бүгінгі шараның осындай ізгі ойдан туған ­бастама екенін дінбасы қадап айтқаны форумға қатысқан имамдарға соны серпін берді. ІІІ республикалық имамдар форумы соңында жиынға қатысушылардың Үндеуі ­жарияланды. Форумда қабылданған рухани тұғырнама мен тізімдер жайлы қазір барлық мешіттерде, білім беру және қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Берік қажы СҮЛЕЙМЕНОВ,
аудандық орталық «Жанқожа батыр»
мешітінің бас имамы
19 қараша 2019 ж. 1 110 2

anataliesiftoz7504 от 17 ақпан 2024 02:12

Mikelen от 16 наурыз 2024 20:29
Представляем вам сайт, полный увлекательных фактов, захватывающих скандалов, глубоких расследований и уникальных историй из жизни известных личностей. Мы предлагаем только объективные факты без лишнего шума. Это некоторые из наших статей, которые могут вас заинтересовать: Нерассказанная правда о сестрах Габор Нераскрытые исчезновения, которые будут преследовать вас

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 87

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930