Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Балық берейін, Олимпіңе лақтырайын" – Қазақстанда параның түр-түрі кездесіп жатыр

"Балық берейін, Олимпіңе лақтырайын" – Қазақстанда параның түр-түрі кездесіп жатыр

Қазақстанның жемқорлары бәрін ала береді. Балық түрінде, тыңайытқыш түрінде, ақшаны картаға аудару арқылы да. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде І-ші департаменттің аға тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты

- Пара сомасы әдетте шешілетін мәселеге байланысты 5 мың теңгеден басталып жүздеген миллионға дейін кете береді. Негізінен қолма-қол ақша алады. Бірақ кейде параның небір түрі кездеседі. Мысалы, Шығыс Қазақстандағы Үржар ауданында Мақаншы полиция бөлімінің бастығы Әкімбаев 450 мың теңге айыппұл жазасына кесілді. Ол мыс сым темір ұрлығы үшін біреуді жазаға тартпағаны үшін пара түрінде балық алған. Енді біреу параға темірден өріп жасалған, кұны 100 мың теңгелік гүл қойғыш алды. 2017 жылы Ақсай ауылдық округінің әкімі жер телімін бергені үшін параға топыраққа арналған тыңайтқыш алған. Ол кісіге 6 млн теңге айыппұл салынды, – деді аға тергеуші.

Сонымен қатар, елімізде параны жаңа технологиялардың көмегімен алатын жағдайлар да жеткілікті екен.

- Биыл пара ретінде Kaspi Bank карточкасына ақша лақтыру, Qiwi Кошелек, "Олимп" букмекерлік кеңсесіндегі логинге ақша аудару, тіпті телефоның балансын толтыру да болды. Түркістан облысында Мәдениет басқармасының жетекшісі мұражай директорының орынбасары қызметіне біреуді алғаны үшін 700 мың теңге параны "Каспий Голд" карточкасына аудартқан. Қарағанды облысында түзету мекемесі бастығының кезекші көмекшісінің орынбасарына 12 млн теңге айыппұл салынды: ол түрмеде жайлы жағдай жасағаны үшін 200 мың теңге параны өзінің "Олимп" букмекерлік кеңсесіндегі логиніне салғызған, - деп атап өтті Данияр Биғайдаров.

2017 жылдан бері 2019 жылдың қазан айына дейін елде пара алуға қатысты 3 мыңға жуық дерек тіркелген екен. Оның 65% - пара алу ісі, 28% - пара беру және 7% - парақорлыққа делдал болу.

16 қараша 2019 ж. 1 012 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 85

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 84

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 70

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930