Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үнемі аяқ-қолы тоңып жүретіндердің денсаулығы нашар ма?

Үнемі аяқ-қолы тоңып жүретіндердің денсаулығы нашар ма?

Мамандар қол-аяқтың үнемі мұздап жүруі қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтады.
Көптеген адам жыл мезгіліне қарамастан, үнемі аяқ-қолдары тоңып жүретінін айтады. Мамандар қол-аяқтың үнемі мұздап жүруі қауіпті аурулардың белгісі болуы мүмкін екенін айтады.
Бұл қаназдықтың белгісі болып саналады. Яғни ауаны "тасымалдайтын" қанның қызыл түйіршіктері жетіспейді. Ал қаназдық кезінде адам жұмыс істеу қабілеті төмендеп, физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсер етеді. Егер қаназдықтан емделмесе, бұл созылмалы ауруға айналып кетуі мүмкін. 
Қолдың үнемі "тастай" болып жүруі қанның құрамындағы қанттың төмендеп кеткенінің де белгісі болуы мүмкін. Егер де әлсіреп, үнемі шөл қысып, дәретханаға жиі бара берсеңіз, дәрігерге барып қант диабетіне тексеруін сұраңыз. 
Қолдарыңыздың суық болуы қан ұюының да белгісі болуы ықтимал, яғни артерия мен тамырлар қою қанның ұйып қалуы салдарынан бітеліп қалуынан саусақтарыңыз ауырып, әрең жылынады.  
Аяқ-қолдың сұп-суық болып жүруі Рейно атты қауіпті аурудың белгісі болуы мүмкін. Ол ұсақ артериялардың зақымдануынан адамның қолдары көгеріп, мұздай болып жүреді. Сонымен қатар, суық қолдар қан айналымы мен қан қысымының дұрыс болмауының белгісі.

09 қазан 2019 ж. 919 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 100

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930