Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысы-жазы аяқ тоңып жүретін болса...

Қысы-жазы аяқ тоңып жүретін болса...

"Қысы-жазы аяғым бір жылымайды" деп шағымданатын жандар арамызда баршылық. Бұл ненің белгісі? Аяқ неге жылымайды? Аяқ-қолдың мұздай болуы – қанайналымға байланысты. Бұл – бірінші себебі. Қанайналым адам бойындағы температураны қалыпты жағдайда ұстайды. Аяқ-қол жылымаса, онда анемия, артерия тамырының бір аймағында тұйықталу немесе басқа мәселелер болуы мүмкін. Алаңсыз жүре бермей, дәрігерге тексеріліп, тиісті ем-дом, кеңес алған абзал. Себебі аяқтың ылғи мұздап, тоңып жүруі денсаулықта бір кінәраттың барын анық аңғартады. Аяқтың тоңып жүруі гормондар әсерінен болуы да мүмкін. Зерттеушілердің айтуынша, бұл жағдай көбіне әйелдерде кездеседі екен. Себебі нәзік жанды арулар сезімтал келеді. Айналадағы кез келген өзгерістерге дайын болмауы мүмкін. Тіпті ауа температурасының өзі қан тамырларының тарылуына әсер етеді. Етеккір келгенде, босанғанда гормондар әсерінен қанайналым жүйесі өзгеруі мүмкін. Бауырға зақым келсе де, аяқтың тоңып жүруі ықтимал. Себебі бауыр адам ағзасындағы энергия алмасуына қатысады. Сондықтан да аяқ-қолыңыз бір жылымай жүрсе, дәрігерге көріну керек.
Massaget.kz
22 тамыз 2018 ж. 3 472 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 119

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031