Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанар Хамитоваға арналған бейнебаян жарыққа шықты

Жанар Хамитоваға арналған бейнебаян жарыққа шықты

  Отандық эстрада жұлдызы Рысбек Аташ бірнеше апта бұрын қайтыс болған әріптесі әрі досы Жанар Хамитоваға арнап бейнебаян түсірді.
 Бұл жайында өнер иесі өз Instagram парақшасында жазды. Ол көпшіліктен марқұмға арналған бейнебаянды көріп, желіде #ЖанараБізСеніҰмытпаймыз хештегімен таратуды сұрады.

  Күні кеше Youtube желісіне де жүктелген клипке көпшілік оң пікірлерін жаудырды. Олар жарқ етіп жанып, о дүниеге аттанған әншіні ешқашан ұмытпайтынын жеткізді.
"Жанаржан, орның жұмақ болсын! Есімізде мəңгіге қаласың! Рысбек жарайсың! Сөзіңде тұрдың! Өте керемет, көзімнен жасым мөлтілдеп отырып қарап шықтым", "Біз сені ұмытпаймыз, Жанар", "Жанарды ұмыту мүмкін емес", "Жарайсың, Рысбек" деп жазды олар.⠀
Айта кетейік, әнші Жанар Хамитованың қайтыс болғаны туралы ақпарат 16 қыркүйек күні тарады.
06 қазан 2019 ж. 1 013 0

Стиль мен сана байланысы

31 наурыз 2026 ж. 74

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930