Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жоғары жетістіктерге жетеміз

Жоғары жетістіктерге жетеміз

Президент Жолдауда тұтас елдің мәселесін қозғады. Әсіресе елді-мекендердегі жағдайға орай айтылған ойларын құптадық. Соның ішінде, ауылға жас мамандардың аз келетіндігі де баяндалды.
Жастар қалаға барғысы келеді. Бірақ ел дамуына айтарлықтай үлес қосатын жастар екендігіне шүбә жоқ. Осы тұста Президенттің «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыру керектігін айтты. "Үкіметке келесі жылдан бастап осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 млрд теңгеге жеткізуді тапсырамын" - деген сөзі көңілге қуаныш ұялатты.
Жасыратыны жоқ бұл ауыл медицинасы үшін де мол мүмкіндік. 2018 жылы пайдалануға берілген жаңа ауруханаға маман тарту күн тәртібінде тұрды. Медициналық жоғарғы оқу орындарының бітіруші студенттері және резиденттермен өзара келісіп, жұмысқа шақырылды. Нәтижесінде соңғы 3 жылда 50 дәрігер елге келді. Оның 24-і "Дипломмен – ауылға" бағдарламасымен үй алып, өзге де мемлекеттік жеңілдіктерге қол жеткізді.
Аудан халқының сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуына жағдай жасау біздің міндетіміз. Осы мақсатта, республика бойынша бірінші рет біздің ауданда, ангиограф аппараты қойылып, тері асты емдеу орталығы ашылды. Алдағы уақытта Арал, Қазалы, Қармақшы ауданының халқына тегін медициналық көмектің шеңберінде қызмет көрсететін болады. Келешекте бұдан да жоғары жетістіктерге жетеміз деген үміт бар.
Гүлжихан НЫСАНОВА,
Қазалы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері


04 қыркүйек 2019 ж. 589 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031