"Jas Otan" жастарды қолдайды
Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналып отырғанын атап өтті. Әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру үшін 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды.
Одан соң ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтерлер қозғалысының жылы деп жариялап, жастардың көңілін қанаттандырды.Ұлттың бүгіні мен келешегі – белсенді жастардың қолында дейтін болсақ, рухани құндылықты бойына сіңірген ұрпақ ғана ел болашағын қалыптастыра алады. Жастар салауатты өмір салтын ұстанып, мемлекеттің индустриялық-инновациялық дамуына өз үлесін қосса, қоғамға пайдасын тигізіп, сапалы, терең білім алуды басты міндетіне айналдырса, келешегіміз кемел болары сөзсіз. Күш-жігерлері мен алған білімдерін қоғамның өркендеуіне жұмсайтын жастары бар зайырлы мемлекеттің мақсатты межеге жетері анық.
Осы орайда жастардың қоғамдық қызметін жандандыру мен олардың бәсекеге қабілеттілігін, зияткерлік әлеуетін, шығармашылық және азаматтық бастамаларын дамытуға ұйытқы болып жүрген «Jas Otan» Жастар қанатының қоғамдағы алар орны бөлек. Қазіргі таңда аудан халқының 23 проценті, яғни 17 791-і жастар. Оның ішінде белсенді жасотандықтар саны – 410 адам.
«Jas Otan» жастар қанатының жұмысын жандандыру мақсатында ағымдағы жылдың 15 қыркүйегіне дейін барлық ауылдық округтерде, қала мен кентте «Jas Otan» ЖҚ бөлімшелерін ашып, жастармен тығыз жұмыс жасау міндеттеліп отыр.
Жыл басынан бері «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесінің ұйымдастыруымен 4700-ден аса жастың қатысуымен аудандық, қалалық, ауылдық 61 шара болды. Оның ішінде мәдени көпшілік шаралар, әлеуметтік көмек көрсету, акциялар мен кездесулер және спорттық сайыстар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесінің ерікті, белсенді жастары аудандағы Ұлы Отан соғысы, тыл, еңбек, ардагерлері, сонымен бірге жалғызбасты, қарастығы жоқ қарттардың ауласына және үйіне тазалық жұмыстарын жүргізуді тұрақты бақылауда ұстайды.
«Jas Otan» жастар қанатының аудандық бөлімшесі «Nur Otan» партиясы аудандық бөлімі мен “Жастар ресурстық орталығы» КММ және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе көпшілік істерге ұйытқы болады. Сондай-ақ әр айдың екінші аптасының бейсенбі күні «Nur Otan» партиясының ғимаратында сала мамандарының қатысуымен аудан жастарына арналған «Ашық есік» күні өтеді. Қазіргі таңда жыл басынан бері «Nur Otan» партиясымен «Jas Otan» ЖҚ аудандық бөлімшесінің араласуымен 4 жас тұрақты жұмысқа орналастырылса, 5 жұмыссыз жас шағын бизнеспен айналысуға мүмкіндік алды.
Бүгінгі жас ұрпақ қамқорлықты сезініп, қоғамға етене араласып, барлық мүмкіндіктермен молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерін, білімін тәуелсіз елдің гүлденуіне жұмсауы шарт. Ал біз жасотандықтар осы жолда жастарды қолдап, демеуге әрдайым да дайынбыз.
Гүлдәрі ИМАНАЛИЕВА,
«Jas Otan» Жастар Қанаты аудандық
«Jas Otan» Жастар Қанаты аудандық
бөлімшесінің басшысы