Лотереядан 2 миллион теңге ұтқан әйелге ұйымдастырушылар іздеу салып жатыр
Компанияның PR-менеджері Әсемгүл Сыздықованың айтуынша, кездесу алдын ала келісілген, алайда әйел уағдаласқан уақытта келмеген.
Қостанай облысының тұрғыны Торғай ауылындағы Қазпошта бөлімшесінен лездік лотерея сатып алып, екі миллион теңге (5 мың доллардан сәл астам) ұтып алды. Бұл 17 шілдеде болған.
«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотерея операторы» АҚ қызметкерлері оған ұтысты алу үшін құжаттарын алып, Қостанайға бару қажеттігін түсіндірген, деп хабарлады alau.kz.
Компанияның PR-менеджері Әсемгүл Сыздықованың айтуынша, кездесу алдын ала келісілген, алайда әйел уағдаласқан уақытта келмеген.
«Оның телефоны әлі күнге дейін сөндірулі, біз одан тезірек келіп, ұтысын алып кетуін сұраймыз», - деп атап өтті Сыздықова.
Ережеге сәйкес, егер ешкім келмесе, 180 күннен кейін ақша мемлекетке аударылады. Ұтыс салығы 10% болады, бірақ ол автоматты түрде алынады.
Бұл - өңірдегі ең үлкен ұтыс. Компания қызметкерлері атап өткендей, бұған дейін ақшалай сыйлықты алмай кеткен жағдайлар болмаған.