Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!

Қуанып барып, қарызданып қайтпаңыз!

Жұмыста отыр едім, кенеттен телефоным шыр етті. Тұтқаның ар жағындағы бейтаныс қыз сыпайы ғана:
-Сәлеметсіз бе! Сіздің телефон нөміріңіз біздің орталықтың тегін сертификатына ие болды. Бізге қалаған уақытыңызда келіп, бет күтімі бойынша дерматолог, косметологтан тегін кеңес ала аласыз. Тіпті бірнеше процедураларды тегін  жасатасыз, – деді.
– Сасқанымнан мен ешқандай ұтысқа қатысқан жоқ едім, – деп едім. Әлгі қыз:
-Ұтысқа базадағы нөмірлер қатысты. Сіздің нөміріңізді туысыңыз, болмаса танысыңыз берген болуы керек, – деді.
Тегін дүниеге кім қызықпасын әрі сенбі күні бос уақытым бар. Сағат 15:00-ге жазылып қойдым. Арада дәнекер болып жүргендер вацабыма медициналық орталықтың мекен жайын жазып жіберді. Дәл сол күні салонға жазылғанымды ұмытып кетіппін. Қаладағы ойын-сауық орталығының бірінде баламды ойнатып жүргенмін. Телефоным шыр етті. Мені косметологқа жазып қойған қыз: «бүгін сағат үште келетініңізді ұмытпаңыз. Косметолог күтіп отыр. Төлқұжатыңыз өзіңізбен бірге міндетті түрде болсын. Егер құжатыңыз болмаса сізді қабылдай алмаймыз», – деді.

Сағатқа қарасам, 14:00
-Ойбуу, мен төлқұжатымды үйге ұмытып кетіппін. Құжатсыз бара берейін. Сіздерге жақын ауданда жүр едім, – дедім.
-Жооқ, құжатсыз болмайды. Онда келесі аптаға міндетті түрде құжатыңызбен келіңіз? Сау болыңыз…
Осылайша әңгімеміз үзілді. Құжатымды неге сұрайды? Өздері ғой тегін процедураға келіңіз деген. Ақыры сол тегін дүниенің рахатын көрмей-ақ қояйын деп шештім.

Келесі күні жұмыстан үйге қайтып бара жатып, автобуста көптен көрмеген құрбымды кездестірдім. Көңіл күйі жоқ.
-Гаухар, жайшылық па? – дедім.
-Ой, сен сұрама, анама жыным келіп тұр, – деді құрбым одан сайын бұртиып.
-Айтсаңшы енді, түріңнен көрініп тұр ғой – деп айтпасына қоймадым.

Сөйтсем, бір пысық қыздар Гаухардың анасын тегін косметикалық процедураға шақырып, бетіне әжім кетіретін түрлі май жағып, ақыры 150 мың теңгенің косметикасын банк арқылы рәсімдеп жіберіпті. Құрбымның айтуынша, анасына алдымен бет теріңіз мынадай, оған мынадай май  жағуыңыз керек. Бір ғана крем жаққан аз болады неше түрлі майлы сұйықтық жағуыңыз тиіс деп, өз өнімдерін әбден мақтайды. Анасы құжатын беріп, келісімшартқа қол қойып, косметиканы несиеге алып, бір қорап кремді көтеріп келіпті. Косметиканы қайтаруға барсақ, «Сіздер кремді қолданып қойдыңыздар, тауар кері қайтарылмайды» деп өздерін кері қайтарыпты. Мұндай оқиға осымен бітпейді. Бет тазалатуға барып, «несібеге» несие алып қайтқандардың қатары көп екен. Сол кезде осыдан бірнеше күн бұрын маған хабарласқан қыз есіме түсті. «Құжатсыз келмеңіз» дегені сол екен. Әйтпесе маған да бір несие рәсімдеп жібермекші болған екен.
Мақпал Ноғайбаева
17 шілде 2019 ж. 811 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930