Қазалы Қазалы аудандық қоғамдық-саяси газет
» » ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлердің жалақысы артатынын мәлімдеді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтық қызметкерлердің жалақысы артатынын мәлімдеді

Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд.теңге көзделген екен.

2019 жылғы 1 маусымнан бастап азаматтық қызметкерлердің жалақысын арттыруға 144 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Тұңғыш Президент – Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, ағымдағы жылғы 1 маусымнан бастап бюджет саласының ақысы төмен қызметкерлерінің жалақысы арттырылды.
«Жалақы 1-ден 8-ге дейінгі разрядтағы қызметкерлерге, қосалқы (техникалық), әкімшілік және негізгі персоналдар қызметкерлеріне, сондай-ақ басқарушы персоналдың кейбір қызметкерлеріне қатысты болды. Аталған қызметкерлердің жалақысы жұмыс өтіліне байланысты сараланған түрде арттырылады», - делінген хабарламада.
Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 2019 жылға 144,3 млрд.теңге көзделген екен.
«Жоғары білімді және 1 маусымға дейін 2 жыл жұмыс өтілі бар жоғары санатты әлеуметтік қызметкердің жалақысы 81 830 теңгені құрады. 2019 жылғы 1 маусымнан бастап - 98 961 теңге. Осылайша, жалақының өсімі 17 130 теңгені немесе 21% құрады», - деп жазды баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, 5 жыл жұмыс өтілі бар санаты жоқ арнайы орта білімі бар тәрбиешінің жалақысын ұлғайтуды қарастырмақ.
«Егер 1 маусымға дейін ол 58 984 теңгені құраса, 2019 жылғы 1 маусымнан бастап 76 114 теңгені құрайды, бұл жерде жалақы өсімі – 17 130 теңгені немесе 29% құрайды», - деп жазылған хабарламада.
Жалақыны арттыру мәселесі денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда жұмыс істейтін 1,1 миллион азаматтық қызметшілерге қатысты екенін айта кеткен жөн.
15 маусым 2019 ж. 217 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031