Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау конкурсының басталуына орай брифинг өтті.
Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров, конкурстық комиссия мүшесі Ғайни Есембекова және 2025 жылғы грант иегері Айжан Өмірбаева қатысты.
Жиында 2021 жылдан бері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен шығармашыл жастарды қолдау мақсатында жыл сайын «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бөлініп келетіні атап өтілді.
2026 жылыреспубликалықдеңгейдеәрқайсысы 3 млн теңгеден 30 грант беріледі.
Грантқа Қазақстан Республикасының 14 пен 35 жас аралығындағы (34 жасты қоса алғанда) азаматтары үміткер бола алады.
Грант конкурстық негізде келесі 6 бағыт бойынша жобаларды іске асыру үшін беріледі:
«Ғылым» – жаңа ғылыми жобаларды және зерттеулерді іске асыруға арналған;
«Мәдениет» – Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттауға, ұлттық дәстүр мен өнерді ілгерілетуге бағытталған жобаларды іске асыруға арналған;
«Ақпараттық технологиялар» – жаңа IT шешімдер мен жобаларды, оның ішінде жаңадан басталған стартап жобаларды іске асыруға және әзірлеуге арналған;
«Бизнес» – жаңа бизнес-идеялардыіскеасыруғаарналған;
«Медиа» – жаңа медиа жобаларды, оның ішінде жастар үшін танымдық, пайдалы, қызықты контент құру жөніндегі жобаларды іске асыруға арналған;
«Волонтерлік» – өзекті, әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған волонтерлік жобаларды (бастамаларды) іске асыруға арналған.

Үміткерлердің конкурстық өтінімдері 2026 жылғы 21 сәуірден 21 маусым аралығында (21 маусым күні сағат 24:00-ге дейін) қабылданады.
Конкурсқақатысуүшінқажеттіқұжаттартізімі (мемлекеттікжәне (немесе) орыстілдерінде):
Конкурстықөтінім: https://forms.gle/8Edm9PwoqQZQyw287
2-қосымша сәйкеснысанбойыншажобаныңсипаттамасы (PDF форматы);
Жобабойынша (60 секундтанаспайтын) бейнематериалнемесе (10 слайдтанаспайтын) презентация;
3-қосымша сәйкеснысанбойыншашығындарсметасыныңжобасы (PDF форматы);
Зияткерлікменшіктуралымәлімет (бар болса, PDF форматы);
Жеке куәлікнемесетуутуралыкуәліктіңкөшірмесі (PDF форматы).

Анықтама үшін байланыс телефондары:
8 (7172) 74-12-78, 8 777-114-66-82
E-mail: t.urpaqtary2026@gmail.com
(жұмыскүндерісағат 9:00-ден 18:30-ға дейін).


29 сәуір 2026 ж. 51 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930