Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

Биылғы 4 айда машина жасау саласында өндіріс көлемі 36%-ға өсті - Үкімет басшысы

Былтыр машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4%-ға артқан.
Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумының пленарлық отырысында айтты.
“Бүгінде біз елді индустрияландыру, экономиканы әртараптандыру және импортқа тәуелділікті төмендету саясатын жалғастырудамыз. Өңдеу өнеркәсібінің локомотиві болып табылатын отандық машина жасау саласының дамуы Үкіметтің ұдайы назарында. Өткен жылы машина жасау саласындағы өндіріс көлемі 9,4 пайызға артса, биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша 36 пайызға өсіп отыр”, - деді ол.
Үкімет басшысы машина жасау өнімдеріне Қазақстандағы ішкі сұранысы 23 млрд долларды құрайтынын жеткізді.
“Бүгін оның тек 3,1 млрд доллары ғана отандық өндіріспен қамтылып отыр. Сондықтан импортты алмастырудың есебінен машина жасау өндірісін әрі қарай дамытуға күш салуымыз керек. Біздің алдымызда қолжетімді қаржы құралдарын ұсыну, жаңа технологияларды енгізу, жергілікті құрамын ұлғайту және экспортты ұлғайту арқылы машина жасау кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеті тұр”, - деді Әлихан Смайылов.
Ол үшін мемлекеттік органдар мен бизнестің өзара үйлесімді жұмысы қажет, деп қорытындылады Премьер-Министр.
Еске салайық, осыған дейін Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XI форумы басталғанын жазған болатынбыз.
11 мамыр 2023 ж. 448 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 143

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 199

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 168

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 147

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 162

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930