Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Қазақстанда бір жылда азық-түлік бағасы қалай өзгерді?

Ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда азық-түлік тауарларының бағасы бір жылда 20 пайызға өскен. Ал азық-түлік емес тауарлар 13,2 пайызға өскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Маусымдағы инфляция жылдық есеп бойынша - 14,5 пайыз, бір айда 1,6 пайыз болған. 2022 жылғы маусымда азық-түлік бағасы былтырғы маусыммен салыстырғанда, 19,2 пайызға өсті", - делінген хабарламада.
Азық-түлік нарығында құмшекер 78,7 пайызға, қырыққабат 72,4 пайызға, пияз 69,3 пайызға өскен. Картоп бағасы 9,8 пайызға төмендеген.
Бюро азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі 2022 жылғы маусымда 2021 жылғы маусымға қарағанда 13,2 пайыз болғанын атап өтті.
"Жеке пайдаланылатын тауарлардың бағасы - 23 пайызға, тазалық құралдарына - 20,8 пайызға, тұрмыстық құралдарға - 19,7 пайызға, құрылыс материалдарына - 18,6 пайызға, жиһаз бен үйдегі керек-жараққа - 18,2 пайызға, автомобильдерге - 15,1 пайызға, ыдыс-аяққа - 13,9 пайызға, тоқыма бұйымдарына - 10,8 пайызға, фармацевтикалық өнімге 9 пайызға көтерілген", - деді ведомство өкілі.

Ақылы қызмет бағасы бір жыл ішінде 9,2 пайызға өскен.
"Қоғамдық тамақтандыру қызметіне баға деңгейі - 15,9 пайызға, денсаулық сақтау саласына - 14,7 пайызға, шипажайларға - 13,7 пайызға, кешенді демалысты ұйымдастыруға - 13,2 пайызға, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарының қызметіне - 12 пайызға, қонақүйлерге - 5,7 пайызға өсті. Жолаушылар көлігі қызметі 4 пайызға қымбаттады", - деді бюро өкілі.
ТКШ саласында электр энергиясына тарифтер 7,5 пайызға өскен, қоқыс шығаруға - 2 пайызға, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға - 1,4 пайызға өсті, ал орталық жылытуға - 2,3 пайызға, ыстық суға 0,9 пайызға төмендген.
01 шілде 2022 ж. 519 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 143

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930