Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады

Қазақстанда ұн бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады

Сарапшылар Қазақстанда ұн бағасы рекордтық өсім көрсеткенін есептеді. Олардың есебі бойынша, ұнның бөлшек саудадағы бағасы бір жылда 45 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды zakon.kz.
Energyprom.kz хабарлауынша, қазан айында ұн бағасы жыл басынан бері рекордтық 41,3%-ға қымбаттады. Ал 2021 жылдың қазан айымен салыстырғанда баға 44,3%-ға өсті.
Сондай-ақ, бір айда бағаның 1,2 пайызға өскені айтылады.
Сарапшылар бағаның бұрынғы рекордтық өсімі 10 жылдан астам уақыт бұрын, 2012 жылдың тамызында 5,6%-ға көтерілгенін түсіндіреді.
Жоғары сортты бидай ұнының бөлшек сауда бағасы 2022 жылдың қазан айында келісіне 369 теңгені, бірінші сұрыпты – келісіне 245 теңгені құрады, делінген зерттеуде.
Қалалар арасындағы ең жоғары сұрыпты бидай ұнының ең қымбат килограммы:
Астана (447 теңге);
Ақтау (411 теңге);
Шымкент (406 теңге).
Ең арзан ұн Ақтөбе, Павлодар, Жезқазған және Семей қалаларында сатылды.
Бұл ретте жарма және көкөніс ұнынан, сондай-ақ ұсақ ұнтақтау қоспаларынан ұн өндіру 1,5%-ға өсті. Көлемнің жартысынан астамы Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласына тиесілі.
28 қыркүйекте бағаға шолу жарияланды: өнімнің бағасы Қазақстанның оңтүстігі мен батысында қаншалықты ерекшеленеді.
07 қараша 2022 ж. 569 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 172

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031