Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда көкөністің бағасы бір жылда 10%-ға өсті материалға сілтемені көшіру

Қазақстанда көкөністің бағасы бір жылда 10%-ға өсті материалға сілтемені көшіру

Елімізде көкөніс импорты экспорт деңгейінен асып түсті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі EnergyProm сайтына сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларының қорыкөкөністындысы бойынша ҚР-да бұрыш импорты 3 есе өсіп, 26,9 мың тоннаға дейін жетті. Сондай-ақ бақша дақылдарының импорты 85,2%-ға (50 мың тоннаға дейін), қияр мен қышқыл 69,7%-ға (7,6 мың тоннаға дейін), сарымсақ 64,4%-ға (3,5 мың тоннаға дейін), қырыққабат 61,5%-ға (103 мың тоннаға дейін), қызанақ 40,9%-ға ( 51 мың тонна) артты. Қызылша импорты 5,3%-ға (9,1 мың тоннаға дейін) және баялды 2,3%-ға ( 2,2 мың тоннаға дейін) аз болса да өсті.
Картоп (19,9% - ға 42,9 мың тоннаға дейін), пияз (8,4%-ға 194,5 мың тоннаға дейін) және сәбіз (5,5%-ға 32,5 мың тоннаға дейін) сияқты көкөністер бойынша импорт көлемі қысқарды.
Өз кезегінде ҚР-да экспорт көлемінен де өсім байқалады. Қызылша 3,4 есе (892,9 тоннаға дейін), бұрыш 3,2 есе (565,3 тоннаға дейін), сәбіз 29,6%-ға (2,3 мың тоннаға дейін), қияр 24,6%-ға(3 мың тоннаға дейін), сарымсақ 24,4%-ға (403,2 тоннаға дейін) артты.
Алайда картоп, баклажан, қызанақ, бақша дақылдары, пияз және қырыққабат экспорты қысқарды.
Өкініштісі, ағымдағы жылы көкөністердің негізгі түрлері бойынша импорт көлемі экспорттан бірнеше есе артық. Қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша баялды импорты экспорттан 67,3 есе, бұрыш 47,6 есе, қырыққабат 18,3 есе, сәбіз 13,9 есе, қызылша 10,2 есе, сарымсақ 8,7 есе, пияз 6,3 есе, картоп 5 есе, қызанақ 4,9 есе және қияр 2,6 есе артық.
Биыл қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстанда көкөністер бір жылда 10%-ға қымбаттаған. Олардың ішінде қияр 29,6%-ға, қызанақ 21,8%-ға, пияз 13,9%-ға, картоп 13,2%-ға және қызылша бағасы 0,1%-ға өсті. Сәбіз (2,2%) және ақ қырыққабат (9,5%) арзандаған.

Алматы облысында баға шарықтаған. Бір жылда баға 27,8%-ға артқанын көруге болады. Жетісу және Атырау облыстары да бір жылда тиісінше 24,4% және 17%-ға қымбаттады.

Бағаның төмендеуі Жамбыл (0,6%-ға) және Ұлытау (2,3%-ға) облыстарында байқалды.
20 қазан 2022 ж. 652 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031